Дүйсенбі, 28 Қыркүйек 2026
Саңлақ 3014 0 пікір 10 Наурыз, 2026 сағат 14:51

Илья Ильин бейнетінің зейнетін көретін болды 

Сурет: NUR.KZ сайтынан алынды.

Қазақстанның әйгілі ауыр атлеті Илья Ильин спорт саласында сіңірген еңбегі үшін берілетін ресми спорттық зейнетақының иегері атанды.

Бұл туралы оның жұбайы Татьяна мәлімдеді.

"Ендеше, сені де, өзімді де құттықтаймын! Енді мен – зейнеткердің әйелімін! Өткен аптада Ильяға зейнетақысы туралы бұйрыққа қол қойылды", – деді кәсіпкер әйел Instagram желісінде бөліскен видеосында.

Өз кезегінде ауыр атлет 37 жасында қалай зейнеткер атанғанын түсіндірді.

"Менің білуімше, 2022 жылы Президенттің қолы қойылған бұйрық шыққан. Соған сәйкес елдегі әрбір әлем чемпионы мен Олимпиада чемпионы 20 жыл еңбек өтілі болғаннан кейін ай сайын 100 АЕК алады (432 500 теңге. – ред.). Осы айда менің 20 жыл еңбек еткенім туралы бұйрыққа қол қойылды, енді мен спорттық зейнеткермін... Яғни ресми түрде зейнеткер атандым", – деді Илья Ильин.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1564
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3179
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1170
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1086