Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Қоғам 955 0 пікір 5 Қараша, 2024 сағат 15:59

Сейсмолог: Бұл сейсмикалық аумақтағы қалыпты құбылыс

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Сейсмологтар бүгінгі дүмпу еліміздің жоғарғы сейсмикалық аумағында күнделікті болып тұратын белгілі құбылыс екенін айтты.

Бұл туралы "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер" ұлттық ғылыми орталығының директоры мәлімдеді.

5 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10.01-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы облысы Талғар ауданының аумағында болды. Дүмпу тұрғындарға 3,4 балл көрсеткішінде сезілді. Бұл сейсмикалық жағдай еліміздің жоғарғы сейсмикалық аумағында күнделікті болып тұратындығы белгілі құбылыс. Құрметті азаматтар, сіздерден тек ресми мәліметтерге сенулеріңізді сұраймын, - деді ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер" ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1975