Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 734 3 пікір 11 Қараша, 2024 сағат 15:20

Ерлан Саиров: Біздің бюджетіміз тікелей мұнайға байланысты

Фото: elorda.info

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Трамп билігі Қазақстанға қалай әсер ететінін айтты.

Трамптың билікке келуі – дүниежүзілік сауда форматын өзгертеді. Өйткені оның билікке келуіндегі негізгі ұран – АҚШ-тың экономикасын өсіріп, өндірісін арттыру және америкалықтарды жұмыспен қамту. Ең алдымен, АҚШ пен Қытайдың арасында сауда соғысы болуы мүмкін. Себебі бүгінгі таңда екі ел арасындағы тауар айналымы 380 млрд долларға жетіп отыр. Соның 280 млрд доллары Қытайдың Америкаға енген тауарлары, ал 90 млрд доллары, керісінше АҚШ-тың Қытайға жіберген тауарлары. Енді Қытай тауарларының Амеркаға легін тоқтату үшін Трамп баж салығын 60 пайызға өсірмек. Салдарынан Қытай экономикасының ішіндегі мәселелері күрделенеді. Өйткені көрші елде жастардың арасындағы жұмыссыздық және тағы басқа ауқымды мәселелер бар, - дейді мәжілісмен.

Депутаттың бұл экономикалық саяси шиеленісті Қазақстан ұтымды пайдалануға тиіс екенін айтады. Сөзінше, Қазақстан сауда Хабын жасауға ұмтылуы керек.

Еліміз үшін ең қолайсыз мәселенің бірі Трамп мұнайдың бағасын 40-50 долларға түсіруді көздеп отыр. Бұл, әрине еліміз үшін ауыр соққы болады. Себебі ел экономикасы мұнай және басқа да минералды ресурстарды сатуға бағытталған. Біздің бюджетіміз тікелей мұнайға байланысты екені анық. Сондықтан қазірден бастап мұнайсыз өмір сүруге, сонымен бірге экономикамызды әртараптандыруға жылдам дайындалуымыз қажет. Жақын арада энергияның балама көздері пайда болатын болса, онда мұнайға деген ұсыныс азаяды. Сондықтан біз қазір мұнайдан басқа өңделген өнімдерді жасауға үйреніп, дағдылануымыз керек, - деді Ерлан Саиров.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5255