Жұма, 22 Қараша 2024
Жөн-ақ 585 2 пікір 13 Қараша, 2024 сағат 15:15

Илон Маск Трампты қолдау үшін қанша қаржы жұмсады?

Фото: www.rfi.fr/ru

SpaceX негізін қалаушы Илон Масктың “America PAC” саяси комитеті республикашыл кандидат Дональд Трамптың президенттік науқанына қолдау көрсету үшін шамамен 200 миллион доллар жұмсаған.

Бұл туралы «Associated Press» ақпарат көздеріне сүйене отырып хабарлады.

Мәліметтерге сәйкес, Масктың комитеті Трампты қолдау үшін 200 миллион доллар жұмсаған, бұл миллиардерлердің АҚШ сайлауына әсер ету қабілетінің жаңа көрсеткішін белгіледі. Tesla және SpaceX бас директоры бөлген қаржы негізінен дауыс беру көрсеткіші төмен болған аймақтар мен бірінші рет дауыс беретін сайлаушыларды тартуға бағытталған.

Трамп президенттік бәсекеде Масктың қолдауын жоғары бағалады.

Басылымның жазуынша, Маск өзінің X әлеуметтік желісінде АҚШ-тың саяси мәселелеріне үнемі түсініктеме беріп, жылдар бойы саяси белсенділік танытып келеді.

Атап айтқанда, ол екі партияны да қолдамайтынын айтып, демократтар мен республикашылдарды ашық сынаған.

Алайда, уақыт өте келе оның көзқарасы көбірек республикашылдарға қарай ауа бастады және осы жылы Илон Маск Трампты қолдау үшін «America PAC» саяси комитетін құрды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3217
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5258