Бейсенбі, 27 Тамыз 2026
Әне, көрдің бе? 190 0 пікір 27 Тамыз, 2026 сағат 12:49

Зеленский Илон Маскты марапаттады...

Сурет: КазТАГ сайтынан алынды.

26 тамызда Украина президенті Владимир Зеленский SpaceX негізін қалаушы Илон Маскқа Украинаның ең жоғары ұлттық марапаттарының бірі - «Бостандық» орденін беру туралы президент жарлығына қол қойды. Бұл орден оның «адам өмірі мен бостандығын қорғауға және Украина мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қосқан ерекше үлесі» үшін берілген. Масктың өзі марапат туралы әлі пікір білдірген жоқ.

Масктың Украинамен қарым-қатынасы Starlink-пен тығыз байланысты. Ресей әскері 2022 жылы Украинаға басып кіргеннен кейін SpaceX Украинаға  қызметтерін ұсынды, оның спутниктік интернеті жергілікті байланыс үшін өте маңызды рөл  ойнады, Украина тарабының әскери байланыс және дрондар шабуылы үшін алдыңғы шепте де, одан тыс аумақта да аса қажет құралы болды.

Украинаның дрон шабуылдары соғыстың басында-ақ Ресей әскери күштерін қайран қалдырып, Ресей логистикасына сәтті қысым жасап, ырықты орынға шығарған. 2022 жылдан бергі Орыс әскерінің адымын аштырмаған Херсон мен Харьковтағы қарсы шабуылдардың бәрі де Starlink арқасында мүмкін болған.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Starlink қазіргі уақытта Ресей аумағында қызмет көрсетпейді. Маск украиндықтарға Starlink-ті Украина аумағында, соның ішінде Ресей басып алған аймақтарда пайдалануға рұқсат берді. Маск сонымен қатар Ресей әскери күштерінің басып алынған аумақтарда Starlink терминалдарын пайдалануына тыйым салды.

Зеленский алда Илон Маск өзгерістер енгізіп, украин дрондарының Ресей аумағына тереңірек еніп, Ресейдің әскери және экономикалық нысандарына соққы беруіне мүмкіндік жасайды деп үміттенеді. Алайда, Маск Starlink-ті пайдалану аумағын кеңейту айтарлықтай қауіп төндіреді әрі қақтығысты күшейтеді деп санайды. Зеленский Маскты көндіру үшін Ақ үйден көмек сұрады, бірақ АҚШ тарабы  әлі оңды жауап берген жоқ.

Abai.kz

0 пікір