Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 1279 19 пікір 15 Қараша, 2024 сағат 13:27

Патриотизм - декорациялық күйде тұр...

Сурет Әбдірашит Бәкірұлының жеке мұрағатынан алынды.

Сау адамның сөзін мас адам түсінбейді...

Отыз жылдық «жетістіктер» ішінде еліміздің қазіргі қарқынды дамуына детонатор болатындай қауқарлы «жетістікті» көріп тұрған жоқпын.

Керісінше, еліміз қазір «отыз жылда жасалған қылмыстар мен қателіктерді еңсеру» арқылы ғана алға даму мүмкіндігіне ие болып, сорлап қалды.

Осыны еңсеру үшін де сол қателіктерге объективті анализ керек.

Сонда ғана ол сүрлеуді қайталамаудың, даму үшін жаңа тетіктерді табудың перспективасы айқындалады.

Сөйтіп, енді осыны басшылыққа ала отырып, аса сақтықпен алға басуға мүмкіндігі туады.

Тек сонда ғана Ұлттық идеологияның серпінді конструкциясының сұлабасы өмірге келе бастайды.

Меніңше, қазіргі қоғам кез келген прогрессивті идеологияны қабылдау деңгейінен төмен жатыр. Себебі біз әлі де Ұлттық унитарлы мемлекет орната алмадық. Соған сай, қазақ халқы да саяси ұлтқа айналмады. Әзірге, бірегейлік пен бірігу - салт-дәстүр деңгейінен аспады.

Ол тек «мемлекеттілікті сезіну» деңгейіне жеткенде ғана, қоғамның әрбір мүшесі Азаматтық статусқа ие болып, мемлекетке ықпалын арттырады.

Қазір «діншіл-дінсіз», «бастық-жәй адам», «білімді-білімсіз» және т.т. параметрлер төңірегінде ғана локалды топтасу қалыбымен келе жатырмыз.

Патриотизм - декорациялық күйде тұр.

Қауіп төнсе, ел қалай қорғану жолдарынан хабарсыз. Тіптен, қауіптің келер жағын саралаудан және бағалаудан хабарсыз...

Қоғам санасы әбден эклектикалық күйге құлдырап, өзінің стратегиялық арнасын таба алмауда. Осы кезде, идеологиялық қадамдар мейлінше қарапайым болып, қоғамды бірлі-екілі ұрандармен ояту да оңды қадам болар еді...

Бірақ, біздің санамызды «бақылаушы-реттеушілер» өздерін тым жоғары қояды... Бірақ, «бақылаушы-реттеушілердің» өздері неше түрлі коррупциялық, сыбайластық, кландық және эклектикалық кеселге шалдыққан... Осыны олар сезеді, алайда, сол себепті дұрыс бағытты шектейді...

Яғни, саудың сөзін мас адам түсінбейтіні сияқты белгілер өршіп тұр.

Әзірге осы.

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1442
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3203
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5184