Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 983 1 пікір 18 Қараша, 2024 сағат 16:00

Сенім девальвациясы қаупі күшейді

Сурет ratel.kz сайтынан алынды.

Себебі, біздің қайырымдылыққа берген ақшамызды мүлде басқа мақсаттарда пайдалану фактілері көп ашыла бастады. Бұл болашақта азаматтардың қайырымдылық қорларына сенбеуіне алып келеді. Онда ірі апаттарда, қайғылы оқиғаларда халық тарапынан ұйымдасу, жәрдемдесу азайып кетпек.

Бүгін Қаржы мониторинг агенттігі еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу бастағанын хабарлады. Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдік бар. Нақты шешімді сот шығаратын болады.

Перизат қымбат автокөліктер, бизнес ЖК-лардан бірнеше пәтер сатып алып, саяхаттаған. Яхталар жалдаған. Қылмыстық схеманы жүзеге асыру үшін достары мен туыстарына 8% сыйақы беріп, қордың ақшасы қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.

Қайырымдылық саласын ретке келтіру керек сияқты. Жеке өзім ауырып жатқан балалардың атын жамылған мың түрлі алаяқтардың әрекетін талай бақыладым. Перизат онсыз да селкеу сенімді түпкілікті жойды.

Айбар Олжаевтың желідегі жазбасы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1434
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3199
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5141