Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Билік 1354 25 пікір 19 Қараша, 2024 сағат 15:36

Үкімет басшысы: Уақыт белдеуі ауыспайды, нүкте...

Суреттер forbes.kz, primeminister.kz және azattyq-ruhy.kz сайттарынан алынды.

Бүгін Үкіметте Қазақстанда уақыт белдеуін ауыстыру жайы сөз болды. ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев баяндама жасап, Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қазақстанда уақыт белдеуі ауыспайтынын мәлімдеді.

Үкімет отырысындаҚазақстанның 5-ші уақыт белдеуіне көшуінің артықшылықтары туралы баяндаған министр Арман Шаққалиев:

«UTC+5 уақыт белдеуі еліміздің халқының 76%-дан астамы тұратын (15 млн 240 мың адам) Астана, Алматы, Петропавл, Өскемен, Шымкент, Семей және Павлодар қалаларын қоса алғанда, 67,5-тен 82,5 градусқа дейінгі бойлықтарды қамтиды. Бүгінгі таңда әлемнің 195 елінің 117-сі географиялық уақытты стандартты уақыт белдеуіне мүмкіндігінше жақын етіп таңдады, өйткені адамның циркадты ырғағы табиғи күндізгі кезеңмен синхрондалады. Осылайша, уақыт белдеуін өзгерту туралы қабылданған шешім ғылыми негізделген және экономикалық тұрғыдан орынды саналады», - деді.

Ал Үкімет басшысы Олжас Бектенов:

«Үкімет бұл шешімді қолдайды. Еліміздің аумағының көп бөлігі 5-ші уақыт белдеуінде орналасқан, сондықтан ғылыми тұрғыдан бұл дұрыс шешім. Сауда және ақпарат министрліктеріне неғұрлым түсінікті ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізуді тапсырамын», - деді.

Осыған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаты уақыт белдеуін бұрынғы қалыпқа келтіру туралы бастама көтерген еді.

Abai.kz

25 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1985