Жұма, 29 Қараша 2024
Билік 125 0 пікір 29 Қараша, 2024 сағат 15:53

Олжас Бектенов IТ кадрлардың даярлық сапасына баса назар аударуды тапсырды

Сурет: Ақорда сайтынан алынды.

IT-саланың жоғары білікті мамандарын даярлау басым міндет болып табылады.

Astana Hub-та үздік халықаралық тәжірибе ескеріліп, қажетті жағдайлар жасалған. Жаңадан құрылатын Жасанды интеллект орталығы жас дарындарды тарту нүктесіне айналуға тиіс. Цифрлық даму,  Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту министрліктеріне Astana Hub-пен және өңірлік хабтармен өзара тығыз байланыса отырып, одан әрі даму және оқыту тұжырымдамасын жасау тапсырылды.

«Оқу бітірген мамандардың санын көбейту мақсат емес, олардың даярлық сапасына баса назар аудару қажет. Үздік әлемдік әдістемелерді назарда ұстап, цифрлық білім мен  дағдыларды арттыру тәсілдерін үнемі жаңартып тұрған жөн.  Жалпы цифрландыру, ІТ-саланы дамыту және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді іске асыру экономиканың дамуына ықпал етуге тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сондай-ақ венчурлік қаржыландыруды қолдау жүйесіндегі тәсілдерді жаңарту керектігіне де назар аударылды. Құзырлы министрлікке тиісті қор құру мәселелерін талқылау үшін венчурлік нарық өкілдерімен үкіметтік деңгейде  кездесу ұйымдастыру тапсырылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1600
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3415
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6738