Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 395 0 пікір 8 Желтоқсан, 2024 сағат 23:25

Ерекше балалар, ерекше қамқорлықта

Фото: "Арман Алматы" орталығының мұрағатынан

Қазіргі таңда ерекше балалардың елімізде күрт көбеюіне орай оларға медициналық көмек көрсететін орталықтардың да саны артып келеді. Сұранысқа қарай ерекше балаларға медициналық қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелер мен қатар жекеменшік медициналық орталықтардың да саны артып келеді. Ресми статистикаға жүгінсек, еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде балаларға көмек көрсететін 55 оңалту орталығы жұмыс істейді екен. Алматыдағы «Арман Алматы» қоғамдық қоры церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды емдеп, жаңа өмір сыйлауда. Қазір мұнда тірек-қимыл аппараты бұзылған елуге жуық бала ем қабылдап, денсаулығын сауықтырып жүр.

 

Орталық мамандары балғындардың сауығып, қатарластарынан кем түспеуі үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз дейді.

"Арман Алматы" орталығы церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды емдейді. Соңғы жылдары церебральді сал диагнозы қойылған балалардың саны артқан. Мұндай дерт кезінде баланы жастайын емдеп, оңалту жұмыстарын мықтап қолға алса, мүгедектіктен арылуға да болады. «Арман Алматы» орталығы сал ауруына шалдыққан осындай балғындарды емдеп, өмірге деген құштарлықтарын арттыруда. Орталықта, әсіресе, тірек-қимылы бұзылған балаларды оңалту үшін массаж жасау жұмыстары жоғары дәрежеде жүргізіледі.

Орталық директоры Руслан Ғалымұлының айтуынша, «Арман Алматы» қоғамдық қоры 2019 жылдың 7 қазанында құрылыпты.

« Орталық мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында бүгінге дейін  әлеуметтік қызметтің 8 түрін қамти отырып, 175 церебральды сал ауруына шалдыққан балаларға көмек көрсетті. Қазірдің өзінде орталық бір ай ішінде 20-25 балаға тегін қызмет көрсетеді»,-деді орталық директоры.

 

Бүгінде орталықта массаж жұмыстарынан бөлек мұнда сал балалардың толыққанды емделуі үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, логопед кабинетінде тіл мүкістігі бар балалардың сөйлеу қабілетін жақсарту үшін түрлі емдер жасалады. Айта кетейік, орталық басшылығы түрлі мерекелерді де ұмыт қалдырмайды. Балғындар мен олардың ата-аналарын шақырып, үнемі мерекелік іс-шара ұйымдастырып береді. Әсіресе концерттер, киноға бару және басқа да мәдени іс-шаралар,  Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні, 1 маусым балаларды қорғау күні, Күзгі бал,  Жаңа жыл сынды мерекелік күндер жиі ұйымдастырылып, онда балалар мен қатар ата-аналар да белсене атсалысады.

«Арман Алматы» қоғамдық қоры: Әлеуметтік және тұрмыстық, Әлеуметтік және медициналық, Әлеуметтік-психологиялық, Әлеуметтік-педагогикалық, Әлеуметтік-еңбек, Әлеуметтік-мәдени, Әлеуметтік-экономикалық, Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді. Орталықтағы әр маман өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Әсіресе орталыққа келген балаларға: Жаттығу терапиясы, Массаж, Логопед, Арт-терапия, Музыкалық терапия, дефектолог, Психолог, Педагог сынды қызмет түрлері көрсетіледі.

Балалардың бойындағы сырқатын ерте жастан анықтап, мүгедектікті анықтауға және алдын алуға бағытталған мұндай орталықтардың маңызы зор! Даму кемістігі бар және олардың туындау қаупі бар балалар осы орталықтарда сауықтыру және оңалту көмегін ала алады.

Мақпал Ноғайбаева

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1980