Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Бәрекелді! 488 0 пікір 10 Желтоқсан, 2024 сағат 15:00

Отбасы банк бастапқы жарнаны 10%-ға түсірді

Сурет: hcsbk.kz сайтынан алынды.

Енді баспаналы болғысы келетіндер үшін жағымды жаңалық. Отбасы банк "Наурыз" бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаны 10%-ға дейін төмендетті.

- Біз бастапқы жарнаны 10%-ға дейін төмендетеміз. Көбі "Наурыз" бағдарламасы бойынша пәтерлердің ішкі жөндеу жұмыстары аяқталмағанын, сондықтан бастапқы жарнаның тым жоғары екенін айтады. Өйткені қарыз алушылар кейін жөндеу жұмыстарын жүргізеді, - деді "Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова.

Ибрагимова пилоттық жоба басталып кеткенін айтты.

- Мәселен, 35 млн теңге тұратын дайын пәтердің бастапқы жарнасы 6 млн теңге емес, 3 млн теңге болады, яғни бастапқы жарна 10% болады. 19 қарашада (еск. - Baspana Market) 35 млн теңге тұратын 3 бөлмелі пәтерлерді орналастырдық. Бұл әрленген пәтерлер. Бұл Астанада іске асырылып жатқан пилоттық жоба. Мұны құрылыс компаниясы ұсынып отыр, - деді банк төрағасы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1984