Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
46 - сөз 1999 18 пікір 12 Желтоқсан, 2024 сағат 13:36

Талғардағы трагедия: Депутаттар не дейді?

Суреттер: ulysmedia.kz, parlam.kz, turkystan.kz сайттарынан алынды. Сурет авторлары: Жаслан Жұмабеков.

Кеше Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамалған болатын. Бүгін адвокат Асқар Қаймақов Қаржаубай Нұрымовқа қатысты Қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Оның айтуынша, полиция Қаржаубай Нұрымовқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Біздің заңды өкілдер полицейлерден Қаржаубайды ұстамауды өтінді, өйткені полиция өкілдеріне марқұм Нұрқанаттың жеке хат-хабарын жариялауға туыстары келісім бермеді. Қаржаубайды 15 тәулікке қамауға алуды тағайындаған сот шешімін заңсыз деп санаймыз (сот өрескел заңбұзушылыққа жол берді) және оған шағым түсірдік», - деп қосты Асқар Қаймақов.

Ал осы істе Қаржаубай Нұрымовқа алғашқы болып көмек ұсынған марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Шерзат Болаттың отбасы қауіпсіз жерге көшірілгенін мәлімдеді.

«Біз отбасыны басқа аймаққа ауыстырдық. Қазір отбасы жаңа үйде, қауіпсіз жерге көшірілді. Біз бұл ақпаратты жарияламаған едік. Нақты қай жерге көшірілгенін айтпаймыз, бұл - жариялауға жатпайтын ақпарат»,  – деді Айтбек Амангелді.

Ал Қаржаубайдың отбасылық адвокаты әкімдік тарапынан ешқандай көмек көрсетілмегенін айтты.

«Әкімдік үй беру бойынша ұсыныс жасаған болатын. Сол жерде үй салып береміз деген еді. Алайда өртенген үйдің орнын тазалау жұмыстары бойынша да көмек көрсеткен жоқ. Тіпті әкімдіктен келіп, Қаржаубайдың көмектен бас тартатыны туралы айтқанын видеоға жазып аламыз деген. Қаржаубай бұл жағдайды түсінбей, ешнәрсе қажет емес екенін жеткізді», – деді адвокат Саида Тәуекелова.

Бұл оқиғаға қатысты Мәжіліс депутаттары БАҚ-қа пікір білдіріп, былай дейді.

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан:

«Бұл оқиғаны ең жоғары деңгейде қадағалауға алдық, бақылауда ұстап отырмыз дегеннің өзінде трагедия жалғасын тауып жатыр. Әр түрлі ойларға жетелейді. Өзіміз де нақты бірдеңе айта алмаймыз. Құқық қорғау органдары бізге есеп бермейді. Олар қауіпсіздік кеңесіне бағынады», - дейді.

Депутат өз тарыпанан төрағаның алдында ашық тыңдалым өткізуді ұсынды. «Егер ұсыныс қолдау тапқан жағдайда регламентке сай барлық БАҚ қатыстырылады. Мәселені шешудің бұдан басқа жолын көріп тұрған жоқпын», - дейді А.Құспан.

Ал депутат Ардақ Назаров Талғардағы жағдай туралы айтқанда елдің тұтастығын, тәуелсіздігін алға қойды.

«Қазір бізге ең маңыздысы, елдің ауыз-біршілігі, тәуелсіздігіміздің баяндылығы. Егемендігімізге селкеу түсіргісі келген әлдекімдер әртүрлі құйтұрқы әрекеттерге баруда. Бұлай болмайды. Сондықтан дұрыс ақпарат таратпаса, халықты дүрліктірсе, бүлік шығаратын болса міндетті түрде жазалануы керек. «Мұның басында кім тұр, не үшін бұлай жасап жатыр?» деген мәселелер зерттеп, зерделенуі керек. Сонда басқаларға сабақ болады», - деді Назаров.

Депутат Данияр Қасқарауов та Талғардағы оқиға бойынша пікір білдірді. Ол марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың әрекетіне байланысты ойын айтты.  «Ұлы Шерзат қаза тапқан кезде де шынайы ақпарат халыққа дер кезінде жетпеді. Бауыры Нұрқанаттың жағдайынан соң «Нервный срыв» болуы мүмкін. Мен Қаржаубаймен сөйлестім», - деді Қасқарауов.

Ал депутат Олжас Құспеков Талғардағы жағдайдың шиеленісуіне медиацияның жоқтығы себеп болғанын айтты.

«Қаржаубай Нұрымовтың қамауға алынуы, жағдайдың ушығуын келіссөз жүргізу, араағайындық қызметтердің әлсіздігінен» дейді ол. Айтуынша, тергеудің құпия болуы да жағдайды ушықтырып отыр.

Мақпал Ноғайбаева

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1958