9,2 млрд теңге: Ұйымдасқан қылмыстық топ тергелуде
Алматы қаласындағы «Никольский» базарының аумағында орналасқан жер учаскесі мен мүлікке қатысты тергеу ісі әлі жүріп жатыр. ҚМА сот үкімі бойынша тәркіленуге жататын тыйым салынған мүлікті заңсыз сату фактісі жайында мәлімдеді.
Еске салсақ, бұған дейін Агенттік «AV-Construction» ЖШС, «Стекольный завод» ЖШС, «Шалқар 17» ЖШС, «Бахар-А» ЖШС және басқа да кәсіпорындарды рейдерлік басып алу фактілері бойынша Қоспаевтың ҰҚТ қатысты тергеуді аяқтаған болатын.
Тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында сот құрылтайшысы Айдос Қоспаев болып табылатын «Nikolsky Investment» ЖШС тиесілі Алматы қаласындағы «Никольский» базарының аумағында орналасқан жер учаскесі мен мүлікке тыйым салған. Алайда, ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ базасына жалған ақпарат енгізу арқылы базарды шетелдіктерге сату мақсатында бөгде адамдарға қайта ресімдеу жүзеге асырылып, шектеулер алынып тасталған. Ал, 5 қазанда құны 2,2 млрд теңге болатын мүлік пен жер учаскесі шетелдік инвесторларға одан әрі сату мақсатында бөгде тұлғаларға қайта ресімделген.
Агенттік алаяқтық үшін бұрын сотталған үш адамды анықтап, ұстады. Оларға қатысты сот санкциясымен «Қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Abai.kz