Қара теңіздегі апат: Ресей төтенше жағдай жариялады
Ресей билігі Қара теңіз бен Азов теңіз арасында танкерлер батып кетіп, аннексияланған Қырымдағы Керчь жағалауынан мазут табылғаннан кейін аймақта төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.
Екі ресейлік танкер "Волгонефть 212" және "Волгонефть 239" Керчь бұғазында 15 желтоқсанда апатқа ұшыраған.
Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа кеме экипажының дауыл кезінде қателесуі себеп болған. Танкерлер шамамен 9 мың тонна мазут әкеле жатқан. Greenpeace зертханасының жетекшісі Пол Джонсон "Медуза" сайтына апат Қара теңіздегі ең ірі техногенді апаттардың бірі болуы мүмкін деп мәлімдеген. Суға батқан танкерлерден шыққан мазут су бетінде ұзақ уақыт қалқып тұруы ықтимал.
Abai.kz