Сейсенбі, 7 Қаңтар 2025
Жаңалықтар 483 2 пікір 6 Қаңтар, 2025 сағат 11:27

Әзербайжан Қазақстан құтқарушыларын марапаттады

Сурет: BES.MEDIA телеграм арнасынан алынды.

Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрі Камаладдин Гейдаров Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшырағаннан ұшақтан аман қалғандарды құтқару жұмыстарына қатысқан Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлерін марапаттады.

«Ынтымақтастық үшін» төсбелгісін алғандар:

- Сейталин Азамат Серікұлы;

- Аминов Тимур Владимирович;

- Айдаров Кани Манапұлы;

- Қараев Саясат Мұсаұлы;

- Кенжеғалиев Мажит Серікбайұлы;

- Кулханов Азымбек Шындаулетұлы;

- Күзембаев Ербол Ахметұлы;

- Меңдібаев Наурызбек Ерланұлы;

- Нұғыманов Ардақ Қойшыбекұлы;

- Тілеубергенова Айман Мыңбайқызы.

5 қаңтарда Маңғыстау облысы бойынша операцияға қатысқан 68 адам кәсіби шеберлігі, батылдығы мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградалар алды. Марапаттарды облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай табыс етті.

2024 жылдың 25 желтоқсанында Бакуден Грозныйға ұшып шыққан әзербайжандық ұшақ Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшыраған еді. Қазір арнайы құрылған комиссия ұшақ апатының себебін анықтауда. Ұшақтың қара жәшігі Бразилияға жіберілген. 

Abai.kz

2 пікір