Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3457 0 пікір 28 Қыркүйек, 2009 сағат 04:16

Интернет-конференция

«Сыңаржақ егізге» берілген статусты алып тастайтын уақыт болды

- Ерлан мырза, бұл өзі нақты шешімі табылмай жұрттың бәрін ығыр еткен мәселеге айналғалы көп болды. Сондада болса мен сіздің пікіріңізді білгім келеді.

Елімізде қазақ тілі тасада қалып, орыстың тілі әлі де өркендеп тұр. Ал мемлекетті құраушы ұлт қазақ. Неге осы Тіл туралы заң қабылданған 20 жылдың мұғдарында біз тілімізді «тірілте» алмай келеміз? Тілге жұмсалған қырауар қаржы қайда кетіп жатыр? Тіл түйткілін шешудің жолдары ретінде қандай ұсыныстарыңыз бар?

Айбар Қасен, Қарағанды қаласы.

 

- Бұрыннан белгілі жайттарды қайталай бермей мен бірден ұсыныстарыма көшейін. Көпшілік тарапынан қабылданар, бәлкім қабылданбас менің тіл мәселесін реттеуге қатысты мынандай ұсыныстарым бар:

Тәуелсіздік алған 17 жылдың ішінде мемлекеттік тіл мәселесін түбегейлі шешетін уақыт жетті. Қазақстанда қазақ тілі мемлекеттік және ұлтаралық қатынас тілі болуы керек. Заңға өзгеріс енгізіп, орыс тіліне берілген стаусты алып тастайтын уақыт жетті. Қазіргі біздің тілдің дамымай жатқан себебі қасында  «сыңаржақ егізі» бар.

«Сыңаржақ егізге» берілген статусты алып тастайтын уақыт болды

- Ерлан мырза, бұл өзі нақты шешімі табылмай жұрттың бәрін ығыр еткен мәселеге айналғалы көп болды. Сондада болса мен сіздің пікіріңізді білгім келеді.

Елімізде қазақ тілі тасада қалып, орыстың тілі әлі де өркендеп тұр. Ал мемлекетті құраушы ұлт қазақ. Неге осы Тіл туралы заң қабылданған 20 жылдың мұғдарында біз тілімізді «тірілте» алмай келеміз? Тілге жұмсалған қырауар қаржы қайда кетіп жатыр? Тіл түйткілін шешудің жолдары ретінде қандай ұсыныстарыңыз бар?

Айбар Қасен, Қарағанды қаласы.

 

- Бұрыннан белгілі жайттарды қайталай бермей мен бірден ұсыныстарыма көшейін. Көпшілік тарапынан қабылданар, бәлкім қабылданбас менің тіл мәселесін реттеуге қатысты мынандай ұсыныстарым бар:

Тәуелсіздік алған 17 жылдың ішінде мемлекеттік тіл мәселесін түбегейлі шешетін уақыт жетті. Қазақстанда қазақ тілі мемлекеттік және ұлтаралық қатынас тілі болуы керек. Заңға өзгеріс енгізіп, орыс тіліне берілген стаусты алып тастайтын уақыт жетті. Қазіргі біздің тілдің дамымай жатқан себебі қасында  «сыңаржақ егізі» бар.

Орыс тілі ұлтаралық тіл деген шешім егемендік алған алғашқы кездегі біздің  қоғам ұстанған мәмілегерлік жол еді. Бұл жол өзін өзі түбегейлі ақтады. Енді сол жолдан табан аудармай жүріп алудың қажеті шамалы. Өйткені,  бүгінгі Қазақстан қоғамы түбегейлі өзгерген. Мемлекетте саны жағынан баасым ұлтқа айналған қазақ ағымдағы жылда болып өткен халық санағының алғашқы нәтижесі бойынша 67 пайызға жетті. Сондықтан 90 жылдардың басқы кезеңіндегі кейбір шешімдерді қайта қарау керек.

Келесі қадам тілді кодификация жасау. Мемлекеттік қызмет өкілінің осыншама сөздік қоры болуы керек,  қызмет саласындағылар осыншама сөз білуі керек деген заңның қосымшасы болуы қажет. Бұл қосымша ғана болып қоймай табандаған талапқа ұласқанда адамдарда тілге деген сұраныс артады.

Тіл мәселесін шешуге азаматтық қоғамның потенциалын енгізу керек. Ауылдарда, мәселенки қазақ тілін үйренемін дейтін талапкерлерге арнап неге тіл курстарын ашпасқа? Мысал үшін қазақша мүлдем білмейтін басқа ұлт өкілі қазақша үйренемін десе, ауылға бір-екі ай тұрып, тек қазақтармен сөйлесетін жағдай жасау керек. Ағылшын тілін үйренемін дейтіндер АҚШ-қа барып, американдық отбасында тұрады ғой, дәл сондай әдістерді бізде қолдануға тиіспіз.

Саяси географияның экономикалық, география болатыны тәрізді тілдің де географиясы, даму ареалдары бар. Мұндағы айтапағым,  қазақ тілі ауылдарда немесе аудан деңгейінде қалып жатыр деп пайымдау ұят. Өйткені, қазақ тілінде сөйлейтіндердің қарасы Ақтау мен Атырауда, Шымкент пен Таразда, Торғай мен Жезқазағанда, Талдықорған мен Семейде жылдан жылға молайып келеді. Астана шенеуіктер қаласы. Сондықтан Астанада мемлекеттік тілді еріксіз игереді халық

Менің ойымша Алматыда қазақ тілінің біраз мәселесі бар. Оның негізгі себебі Алматы урбанизацияға мейлінше мол ұшыраған, жаһандау мәдениеті еркін дамыған халықаралық қалалардың бірі. Сондықтан Алматыда тіл мәселесін шешудің мүлдем басқа формалары жасалуы қажет. Алматыда көптеген сауда орындары бар: «Мега-Орталық», «Рамстор» басқалары осы жаһандану мәдениетінің объектілері, халықтың мәдени кодын бұзатындар да осылар, осы жерлерде қазақ тілін пайдаланудың аясын кеңейте отырып, ішінде қазақ мәдениетінің элементтерін енгізу керек. Ол үшін алдымен сол орталықтардың қожайындарымен ашық әңгіме болуға тиіс. Осындай жерлерде және халықаралық аэропорттарда мемлекеттік тілдік инспекция ұйымдастыру керек. Одан қорқудың ешқандай қажеті жоқ. Өйткені  майндағы- Франкфурт, Хитроу сияқты терминалдарда неміс немесе ағылшын тілдерінде сөйлемеуді елестетіп көріңізші.

 

Алтекеңнің мұрасын... жекешелендіріп алғысы келетін көрінеді

- Сіз  билік сатыларында жүріп бірқанша лауазымды қызметтер атқардыңыз. Сол қызметтерді атқара жүріп қандай тәжірибе жинақтай алдыңыз? Сізге басшы болған Алтынбек Сәрсенбайұлы, Виталий Метте, Мұхтар Құл-Мұхаммет сияқты азаматтар туралы не айтасыз?

Марат Ыбырай, Алматы қаласы.

 

- Мемлекеттік қызметтегі мансабымды сол кездегі Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінен бастадым. Кеше ғана Қазақстан саясаттанушыларының конгрессі болды. Сол кезде біздің елде саясаттану мектебі жоқ деген пікір айтылды. Мен әлгіндей пікірмен мүлдем келісе алмаймын. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін жан жақты «жамырай» дамыған осы саясаттану ғылымы болды. Бірінші И. Тасмағамбетов, Қ. Көшербаевтың басшылығымен Қазақстан Даму Институтының мектебі ашылды. Одан Е. Карин, Д, Сатбаев, А.Чебаторев,  Е. Бабақұмаров, марқұм менің досым М. Машандар шықты.

Дәл сол кездері сырт көзге «жасырын» саясаттану мектебі болды. Ол А. Сәрсенбайұлы мен М. Тажиннің мектебі еді. Бұл қайраткерлердің  мектебінен  «Нұр-Отанды»  саяси ұйым дәрежесіне жеткізіп, басқарып отырған Д. Калетаев, Президент әкімшілігінің идеологиялық блогын басқарып отырған М. Әшімбаев, Л. Тараков, А. Бисенбаев, Ғ.Телебаев, Ж.Құрманғалиева, және бүгінгі саясаттанудың тарландары, менің жақын достарым мен әріптестерім А Сарым, . Б. Әбдіғалиев, Ю. Черкасов, Т.Ешенұлы, Г.Елеуовалар шыңдалып шықты.

Алтынбек Сәрсенбайұлы  тек қана біздің буынның емес, бүкіл қазақ халқының оянуына әсер еткен ақиық азамат. Он тоғызыншы ғасырдағы қазақтың символы Ш. Уәлиханов, 20 ғасырда М.Әуезов пен О.Сүлейменов болса, 21 ғасырдағы қазақтың символы А. Сәрсенбайұлы дер едім.

Өкінішке орай, аяққы кездері идеялық тұрғыдан «ергежейлі» жігіттер Алтекеңнің мұрасын «приватизация» жасағысы келетін тәрізді. Олар Алтекең аман есен ортамызда ойнап күліп жүрсе, маңайына да бара алмас еді.

Алтекеңнің екі ғана идеялық  «бауыры» болды. Олар: Айдос Сарым мен Берік Әбдіғалиев. Менің өзім Алтекеңе жақын бола тұра, оның оқушысы статусына жеттім деп айта алмаймын. Ал бүгін қағылғандар мен соғылғандардың барлығы Сәрсенбайұлының шәкірті болғысы келеді.А. Сәрсенбайұлының мұрасы бүкіл қазаққа арналған, оны белгілі бір адамдар құрып жүрген шеңбердің ішіне  тықпалап, тынысын тарылтуға болмайды.

Алтекеңнің маған деге көңілін бір нәрседен білемін. Айдос екеуіміз министрлікке келіп қызмет еткен бір жылдың ішінде  нақты айтсақ, 24 қараша күні бөлім меңгерушісі дәрежесіне көтерілдік. Мәселе мансапта емес, ол кісі тұңғиық ақыл, терең фәлсафа, қазақи ой-жүйесінің адамы еді. Жастарды жақын тартып, жастарға қамқор бола білетін. Сондықтан ол кісі туралы жазу мен айтудың өзіне зерде, парасат керек деп ойлаймын.

Виталий Метте ұрқы өзге нәсілден жаралған нағыз қазақ еді. Елбасының жақын достарының бірі болған, адамдарға өте сенгіш, бауырмал, ыстық адам еді марқұм. Екеуіміз сырлас адам болдық. Барлық сырларын маған айтатын. Өскеменге барған кезде марқұм әке-шешемнің /Бияхмет-Жәния/ басына барамын, сол кезде міндетті түрде Виталий Леонидұлының басына барғанды өзім үшін міндет санаймын. Орыстар Виталий Леонидұлының қазақшылығын кешірмей кетті. Өскемендегі бір көшенің атын оған әрең қиды. Лениннің Өскемендегі ескерткішін алып тастаған сол  Метте еді жарықтық.

Бұл кісі екеуіміз Қытайдан қоныс аударған қазақтарды Тарбағатай, Күршім, Зайсан аудандарына көшіру жобасын бастаған болатынбыз. Шіркін, уақыт жетпей қалды. Ол кісі, өскеменшілеп айтсақ, жоян экономист-тұғын.  Бүкіл есеп-қисаптың барлығын өзі жасап, шешімді де тез қабылдаушы еді.

Мұхтар Құл-Мұхаммет менің ұстазым, жақын аға, ақылшы. Ол кісінің маған деген жіті  көзқарасын әрқашан сезіп отырамын. Қазақ мәдениетінің жанашыры, сонымен бірге дүниежүзі мәдениетінің қатпарларын еркін ақтаратын білімді, дегдар азамат . Біздің Мұхаңнан үйренетініміз көп екеніне кәміл сенмін.

 

«Тарбағатай бандиттер мекені емес» деп таяқ жегенім бар

-Туған жерге жиі барып тұрасыз ба? Жалпы бүгінгі ауыл мен өзіңіз өскен ауылдың айрмасы неде деп ойлайсыз?

Дариға Байшалова


- Дариға, маған жолдаған сауалыңды оқығанымда еріксіз толқып кеттім.

Тарбағатай біздің туған мекен, ата-бабамның тұғырлы жері. Ауылдық мектепте оқыдым, әкем  Бияхмет сол мектептің директоры болды.Менің бірінші оқытушым кім болды десем, әкем болған екен. Өкінішке орай оны кеш түсініпіз.

Менің шынайы сезімдердің бәрін ауылмен байланыстырамын. Алғашқы  махаббат, алғашқы күйініш, алғашқы сезімдер, айта берсе көп қой.

Ауылда менің кластасым Сәдуов Бауыржан деген азамат мұғалім.  Ол елден қоңырау шалған кезде есен саулық сұрасып  қана қоймаймыз, ауылдағы мәз-мейрам шақты еске түсіріп рахаттанып қаламыз.

Кезінде аты шулы Храпуновқа «Тарбағатайды бандиттер мекені деп айтпа» деп біраз таяқ жегенмін. Турасын айтсам, содан кейін «карьерам» тоқтап қалды. Бірақ мен  ол жөнінде өкінбеймін, өйткені Тарбағатай ыстық сезімнің, ақ ниеттің мекені, осы сезімді  біз ешқашан жоғалтпаймыз.

Қазақи дәстүр бойынша Бауыржанмен ұзақ әңгімелесеміз, жігіттер туралы, кім қайда кетті, қайда жүр деген сияқты. Бауыржанның баласы маған сымсыз телефоннан СМС хат жібереді. Сөйтсе кішкентай бала сотовыйдың тетігін әкесінен артық игеріп алдыпты. Бұл қазақтық тенденция, ұлы қазақ тек ауылдан шыққан, солай бола береді. Бауыржанның ұлы керемет азамат болатынына мен сенемін.

Мәзімов Сержан деген кластасым өмірлік дос. Бүгін Астанада жол, инфраструктура саласында лауазымды қызмет атқарады. Әрқашан адамға күліп тұратын, бойына таза қазақи қасиеттерді жия білген Сержан мектепті алтын медальмен бітіріп еді. Бүгін айрылмас достарымның бірі. Бізге берген Тәңірдің сиы осы шығар, сірә. Сержан екеуіміз ауылға барып тұрғымыз келеді. Бірақ өкінішке орай оған уақыт әмсе табыла бермейді.

 

- Стильді киімге қалай қарайсыз, дәстүрлі киім қандай  болады деп ойлайсыз?

Гүлсезім, Тараз қаласы.

 

- Аруақты мәдени орталықты басқарып отырғаннан кейін байсалды, ресми киінуге тырысамын. Қазақта «киіміне қарап қарсы алып, кісілігіне қарап шығарып салады» деген сөз бар. Киімде кісіліктің белгісі.Бұл туралы ұзақ әңгіме айтуға болады.

Менің негізгі формам костюм, галстук. Алайда бейресми кездерде джинсы, көйлекпен жүремін. Бірақ, кеңседе, қызмет бабында әскердегі  тәрізді костюм шалбармен, галстук тағып жүремін. Мұндай стильді киімдерді және өзім сатып алғанды ұнатамын.

(Жалғасы бар)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5317