Жұма, 31 Қаңтар 2025
Жаужүрек 728 7 пікір 29 Қаңтар, 2025 сағат 14:06

Қазақстан мен Украина әскері: Әлемдік рейтинг не дейді?

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды.

Украина армиясы әлемдегі ең қуатты армиялардың бірі, ал Қазақстан армиясы Орталық Азиядағы үздік деп танылды!

2024 жылдың қорытындысы бойынша Украина армиясы әлемдегі ең қуатты әскери күштер арасында 20-ші орында болды. Украина жер шарындағы ең күшті жиырма армияның қатарына еніп, әлемдік рейтингте өз позициясын нығайтты.

Мұндай қорытындыны «Global Firepower» халықаралық компаниясының сарапшылары 145 ел армиясының жауынгерлік әзірлігін бағалай отырып, жыл сайынғы талдауында жасады.

Бұл жетістік Украина Қарулы Күштерінің төзімділігінің ғана емес, сонымен қатар Батыс одақтастарының айтарлықтай қолдауының нәтижесінде болды. 2022 жылға дейін ел жетекші әскери держава болып саналмады.

Дегенмен, Ресей бастаған соғыста Украина агрессорға тойтарыс беріп қана қоймай, өзінің жауынгерлік қабілетін де дамыта алатынын көрсетті.

Армиялар қалай бағаланады?

«Global Firepower» рейтингі 60-тан астам параметрлерді, соның ішінде әскер деңгейін, әскери ресурстарды, логистиканы, экономиканы және географияны талдауға негізделген.

Украина индексі 0,3755 (идеалды көрсеткіш - 0,0000) болды. Үздік үштікке АҚШ, Ресей және Қытай кірсе, Украинаның рейтингтегі «көршілері» Мысыр (19-ші орын) мен Польша (21-ші орын). Табыстың негізгі факторларының ішінде сарапшылар АҚШ пен НАТО елдерінің материалдық және қаржылық қолдауын атап көрсетеді.

Сурет: Скрин.

Рейтинг авторлары Украинаның шығыны мен соғыстың ұзаққа созылуына қарамастан, жоғары деңгейде қарсылық көрсетіп отырғанын атап көрсетеді.

«Global Firepower» бойынша, Қазақстан 58-ші орында тұр. Бір қарағанда, жоғары емес. Бірақ: Біріншіден, ҰҚШҰ немесе ТМД елдерін алатын болсақ (Украинаны есепке алмағанда), Қазақстан Республикасының армиясы Ресей Федерациясынан кейінгі екінші орынды иеленді. Екіншіден, Орта Азия әскерлерінің ішінде Қазақстан бірінші болды!

58-ші орын – Қазақстан үшін осы уақытқа дейінгі ең жоғары жетістік. Бірақ бір жыл ішінде бес позицияға секіру - бұл нағыз тамаша нәтиже. Қазақстан тіпті 2020 және 2023 жылдары екі Қарабақ қақтығысында әскері өзінің жауынгерлік қабілетін көрсеткен, рейтингте 59-ші орынға ие болған Әзербайжаннан да асып түсті.

Бақытымызға орай, Қазақстан өзінің жауынгерлік қабілетін бұлайша дәлелдеудің қажеті жоқ. Қазақстан Республикасының билігі кез келген мүмкіндікте өздерінің тату-тәтті көзқарастарын атап көрсетеді.

Сурет: Скрин.

Орталық Азиядағы көршілес елдердің ішінде биылғы рейтингте Өзбекстан ең жақын, яғни 65-ші орында орналасты. Қалған Орталық Азия елдері келесідей рейтингке ие болды: Түркіменстан 83-ші, Қырғызстан 100-ші, Тәжікстан 107-ші орындарға ие болды.

Айта кету керек, рейтинг бойынша Қазақстан Республикасы армиясы ең жақсы бірнеше зымырандық жүйелермен қамтамасыз етілген. Олардың айтуынша, еліміз әлем бойынша 17 орында тұр! «Global Firepower» мәліметтері бойынша, Қазақстанда 407 РСЗО бірлігі бар, оның 265-і жауынгерлік әзірлікте.

Украинадағы соғыстан кейін Қазақстанға өз әскери – өндірістік кешені немесе ВПК керек екені белгілі болды: мылтық, атыс қаруы, снарядтар мен ұшқышсыз ұшақтар. Қазақстан Қазақстан Республикасындағы әскери оқу орындарында әлі күнге дейін қолданылып келе жатқан кеңестік ережелерден, оқу-тәрбие процесіндегі көзқарастардан, тактика мен стратегияға қатысты кеңестік көзқарастардан бас тартуы керек!

Украинадағы соғысқа қарап, біз бұл ережелердің қазірдің өзінде ескіргенін және түзетуді қажет ететінін көреміз. Ал бұл өзгерістерді енгізу үшін біз бұл соғысты мұқият зерделеуіміз керек. Бұл дайындық сапасына әсер етеді және бұл армия рейтингіндегі позицияда да көрініс табады.

Керімсал Жұбатқанов,

тарих ғылымдарының кандидаты, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің доценті

Abai.kz

 

7 пікір