Сәрсенбі, 5 Ақпан 2025
Деп жатыр 210 0 пікір 5 Ақпан, 2025 сағат 14:00

Илон Маск неліктен USAID-ты "қылмыстық ұйым" деп атады?

Сурет: interfax.ru сайтынан алынды.

Ақ үй басшысы Трамп сейсенбі күні БҰҰ Кісілік құқық комитетінің жоралығынан шығатын, Палестинаға көмек басқармасын қаржыландыруды тоқтататын, Юнесконың жұмысын қайта қарауды бұйыратын бірнеше жарлықтарға қол қойды. Американың Біріккен ұлттар ұйымын қаржыландыратын басты ел екені белгілі. Халықаралық ұйымның жылдық бюджетінің 25 пайызын төлеп отыр.

Трамптың кезекті қадамы президент сайлауындағы басты әріптесі миллиадер Илон Масктың бюджетті үнемдеу мақсатындағы "Америка Халықаралық даму агеттігінің" жұмысын тоқтату бастамасының тағы бір көрінісі. Илон Маск әлемнің 190 елінде жұмыс жасайтын аталмыш ұйымды "қылмыстық ұйым" деп мәлімдеген еді.

"Америка Халықаралық даму агенттігі" (Ағылшынша - USAID) 1961-жылы құрылған тәуелсіз ұйым. Жылдық шығыны 43 миллиард долларға жуық. АҚШ-тың шетелдерге адамгершілік мақсаттағы (әскери емес) көмегін реттейтін, жұмсақ күшінің ықпалын кеңейтетін ұйым. Трамп ұлықтау рәсімінен кейін аталмыш агенттіктің жұмысын 90 күнге тоқтатып, қайта жасақтау жарлығына қол қойған еді. Дүйсенбі күні ұйымның АҚШ астанасындағы бас штабы қызметкерлері "жұмысқа келмей-ақ қой" деген хабарлама алған. Жауапты басшылары Илон Масктың "Департаметтердің тиімділігін тексеру" комиссия қызметкерлерінің агенттіктің құпия құжаттарымен танысуына кедергі келтірген. Америкалық БАҚ Илон Масктың адамдарының ақырында агенттік жұмысына тексерісті бастағанын жазуда. АҚШ Өкілдер палатасының демократ конгресмендері солшыл бағыттағы аталмыш ұйымның жабылуына қарсылық білдіріп, мемлекет қауіпсіздігін желеу етіп, Илон Масктың құпия құжаттармен танысуына заңдық баға беруге шақырған.

Құпия құжаттармен танысқан Маск аталмыш агеттікті "саясилығы басым, ұшқары солшылдықты дәріптейтін, америкаға қарсы күштерді қаржыландыратын қылмыстық ұйым" деп атаған. Масктың дерегінше әлемді жайлаған ковид ауруының шығу қайнары делінген Қытайдың Ухан биологиялық зертханасы да америкалық агеттіктен мллиондаған қаржылай көмек алған.

Кейінгі кезде АҚШ билігі ковид вирусының қытайлық зертханадан тарағанын қайта көтеріп, қытайдан төлем төлеуді талап ету бастамасын көтеріп жатқаны тегін емес сияқты. 2022-жылдың 4-тамызында Ресей қорғаныс министрлігінің агенттіктың ковид вирусын қаржыландыруға қатысы барын зерттеп жатқанын мәлімдеген еді. Дөмократияға қарсы елдер "Араб көктемін", Украинадағы "Майдан көтерілісін", Қырғызстандағы саяси толқуларды аталмыш агеттік ұйымдастырды деп санайды.

Abai.kz 

0 пікір