Қазан айының алғашқы күндері Қазақстанға Бразилияның бизнес делегациясы келеді – СІМ
Астана. 28 қыркүйек. ҚазТАГ– Бразилия Федеративті Республикасының даму, өнеркәсіп және халықаралық сауда министрінің орынбасары Иван Жоао Гимараес Рамальо бастаған бизнес делегациясы Қазақстанға келеді, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің (ҚР СІМ) баспасөз хатшысы Ілияс Омаров.
«Бразилиялық делегация сапары барысында қазақстандық мемлекеттік органдар мен іскер топ өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізу, онда секциялық дөңгелек үстелдер ұйымдастыру жоспарланған. Оның мақсаты - қазақстандық және бразилиялық бизнес өкілдерінің арасындағы байланысты орнату», - деді І. Омаров апталық баспасөз брифингінде.
Делегация құрамына 40-тан астам бразилиялық кәсіпкер енеді. Олар - авиация, тау-кен өндіріс, энергетика, металлургия, телекоммуникация, медицина, химия, жеңіл өнеркәсіп салалары мен аграрлық сектордың өкілдері.