Сейсенбі, 11 Ақпан 2025
Деп жатыр 494 0 пікір 10 Ақпан, 2025 сағат 14:27

1,8 млрд теңге: Мәсімовтің үйі сатылымға шығарылды

Сурет: baigenews.kz сайтынан алынды.

Қамаудағы Қазақстанның бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің үйі аукцион арқылы сатылымға шығарылды. Үйдің бағасы 1,8 млрд теңгеге бағаланған.

«Чиновник» телеграм арнасының жазуынша, аукцион аясында Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел ықшам ауданында орналасқан Кәрім Мәсімовтің тұрғын үйі сатылымға шығарылған.

Үйдің жалпы ауданы 2877,7 шаршы метрді құрайды. Техникалық төлқұжат мәліметтеріне сәйкес, тұрғын үй аумағында ұзын-саны 30-дан астам ванна бөлмесі бар екен.

Abai.kz

0 пікір