Сейсенбі, 11 Ақпан 2025
Жаңалықтар 235 0 пікір 11 Ақпан, 2025 сағат 14:55

Солтүстікке қанша адам көшіп келді?

Сурет: massaget.kz сайтынан алынды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша ерікті қоныс  жұмыс күші тапшы өңірлерге 8 950 адам, оның ішінде 3 000 қандас және 5 950 қоныс аударушы ірге тепкен.

Қоныстандыру өңірлері бөлінісінде Павлодар облысына – 3 422 адам, Солтүстік Қазақстан облысына – 2 547 адам, Қостанай облысына – 1 020 адам, Шығыс Қазақстан облысына – 781 адам, Ақмола облысына – 537 адам, Абай облысына – 530 адам, Ұлытау облысына – 70 адам, Қарағанды облысына – 43 адам қоныс аударды.

"Қоныстану аймақтарына көшкен қандастарымыз негізінен Моңғолиядан – 1 072 адам, Өзбекстаннан – 908 адам, ҚХР – 762 адам, Ресейден – 164 адам, басқа елдерден – 94 адам келген. Келушілер қатарынан еңбекке қабілетті жастағы 4 279 адамның (қоныс аударушылар мен қандастар) 2 721-сі тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 207 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысуда, бизнес ашу үшін 25 адам грант алды", - деп хабарлады министрлік.

Abai.kz

0 пікір