Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3724 0 пікір 29 Қыркүйек, 2009 сағат 03:05

Алматы метрополитеніндегі апатқа күрделі тау-геологиялық жағдайлар мен жердің батпақтығы себеп болуы мүмкін – «Алматыметроқұрылыс»

Алматы. 28 қырқүйек. ҚазТАГ – Алдын ала мәліметтерге сәйкес, алматылық метрополитеннің тоннеліндегі апатқа күрделі тау –геологиялық жағдайлар мен бұрынғы Поганка өзені арнасының батпақтығы себеп болуы мүмкін, –  деп хабарлайды  «Алматыметроқұрылыс».

ААҚ баспасөз қызметі болған оқиғаға түсініктеме бере отырып, «28 қырқүйекте 9 сағат 10 минутта «Әуезов ат. драмтеатр» станциясында орта станциялық тоннельді қазу кезінде осындай жұмыстар кезінде пайдаланылатын құбырлы қорғаныс қабаты – оныншы  экран түсіп кеткен.

Метро құрылысын жүргізуші кәсіпорын қаза болғандар мен зардап шеккендердің жоқ екендігін айта отырып, «жер қабатының опырылуы салдарынан көлемі 600 текше метрлік ойық пайда болғанын хабарлайды. Оның ең жоғарғы нүктесі жердің үстіңгі қабатынан 12 метр қашықтықта орналасқан, бұл жер қабатының опырылып түсуіне алып келмейді. Оқиға орнында уақытша тіркетер орнатылды».

«Алматыметроқұрылыстың» атап көрсетуінше, тоннельде ойылған жерді оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, диаметрі 100 мм инъекциялық құбыр орнатылды, ол арқылы пайда болған ойықты толтыру үшін бетон қоспасы құйылып жатыр. Оқиғаның саладрын жою жұмыстары бес күн бойы жүргізіледі, дейді ААҚ. Қазіргі уақытта апаттың себептерін анықтайтын арнайы комиссия құрылды. Шығынның көлемін осы комиссия анықтайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318