Сенбі, 16 Мамыр 2026
Өзгелер 1924 0 пікір 14 Ақпан, 2025 сағат 15:21

Грекияда жаңа президент сайланды

Сурет: Егемен Қазақстан сайтынан алынды.

Грекия парламенті "Жаңа демократия" билеуші консервативті партиядан кандидат, парламенттің бұрынғы спикері Константинос Тасуласты президент етіп сайлады.

К. Тасуласты сайлау биліктегі президент Катерина Сакелларопулудың құзіреті 13-наурызда аяқталуына байланысты парламентте төртінші рет дауыс беру арқылы өтті. Болашақ президент 160 дауыс жинады. Дауыс беруге парламенттің 300 мүшесінен 276-сы қатысты. Кандидат 151 дауыс жинағаны белгілі болды.

Парламенттегі 300 орынның 156-сы билеуші "Жаңа демократия" партиясының депутаттарына тиесілі.

Президентті ұлықтау рәсімі биліктегі президент Катерина Сакелларопулудың билеу мерзімі бітетін күн – 13-наурызға жоспарланған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2790
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1897