Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Спорт 576 0 пікір 17 Ақпан, 2025 сағат 12:57

Әлем кубогында жүлдесіз емеспіз

Сурет: Ғалымжан Сәрсен

Алматыда семсерлесу спортынан  әлем кубогы үшін тартыс мәресіне жетіп, онда қазақстандық спортшылар тәп-тәуір өнер көрсетті. 

Сурет: Ғалымжан Сәрсен

Атап айтқанда, Серікбай Адема – Алматыда өткен жасөспірімдер арасындағы беделді халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды! 

1/16 айналымына өту үшін Адема Серікбай  жерлесі КЕНЕНБАЕВА Таңшолпанды 15:9, 1/8 айналымында отандасы КО Полинаны 15:14 есебімен ұтты. Ол сондай-ақ, Владислав СИДЗЕЛЬНИКАВАНЫ (АИН) 15:14 есебімен жеңіп, жартылай финалда Өзбекстан спортшысы Гүлістан ПЕРДЕБАЕВАдан 13:15 есебімен ұтылып қалды. 

Сурет: Ғалымжан Сәрсен

Турнирдің алтыны мен күмісі Өзбекстанға кетті. Жарыс жеңімпазы ПЕРДЕБАЕВА Гүлистан да, екінші жүлденің иегері -ЖҰМАМАРАТОВА Аягөз. 

Айта кетейік, жерлесіміз Адема 2022 жылы ол Jastar Saber Cup жасөспірімдер арасындағы әлем кубогында да қола жүлдеге ие болған еді. 

Сонымен қатар, Жайлыбай Нұрмұхаммед пен Нұрқатұлы Қайназардың да Әлем Кубогының жүлдегерлері атанғанын қуанышпен хабарлаймыз. Жеке жарыстардың екінші күні қазақстандық қылышшылар жеңіске деген жігерлерін танытып, Қайназар қола алды, ал Жайлыбай Нұрмұхаммед күміс медаль жеңіп алды. 

Сурет: Ғалымжан Сәрсен

Ал, Әлем Кубогынының жеңімпазы Түркиядан келген KUPELI ADEM doruk спортшысы болды, ал оның командаласы KALENDER Enes Talha қола медаль жеңіп алды.

Ғалымжан Сәрсен 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 634
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2659
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2483
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1555