Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3324 0 пікір 29 Қыркүйек, 2009 сағат 03:08

СҚО полициясы «Астық» операциясы барысында ұрланған бидайдың 90 тоннасын тәркіледі

Петропавл. 28 қырқүйек. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) полициясы «Астық» операциясы барысында бидай мен бидай өнімдерін ұрлаудың 32 оқиғасын анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында жалпы сомасы 2 млн теңгеден асатын 90 тонна бидай тәркіленді, деп хабарлайды СҚО ІІД баспасөз қызметі.

«Полицейлердің әрекет етуінің арқасында келтірілген шығын толығымен өтелді. Ауыл шаруашылық өнімдерін ұрлау, жымқыруға жол бермеу және олардың контрабандасының алдын алу мақсатында элеваторлар, бидай қабылдаушы қосындар және бидай бизнесімен айналысатын адамдардың тұрғылықты жерлері тәулік бойы тексеріліп, айналма жолдары мен «Рубеж» бекеттері жабылды», - деп атап көрсетті полиция өкілдері.

Ұрлау оқиғалары бойынша төрт қылмыстық іс қозғалды. Тайынша ауданында бір іс сотқа жолданды. Ауыл шаруашылық техникасының қосалқы бөлшектерін ұрлаудың 9 оқиғасы және 12,4 мың түрлі әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.

«Егін орағы қарсаңында полицейлер үлкен алдын алу шарасын жүзеге асырды, -  дейді баспасөз қызметіндегілер. – Жергілікті жерлерде жұмысты ұйымдастыру үшін облыстың әр ауданына облыстық ІІД бөлімшелерінің басшылары іссапарға жіберілді.  Полицияның 5 стационарлық және 44 көшпелі қосыны қойылды. Егістер мен жолдар бақылауға алынды. Осындай шаралардың арқасында биылғы жылы астық ұрлау оқиғалары өткен жылдардағымен салыстырғанда азайып отыр».

«Астық-2009» операциясы егін орағы науқанының соңына дейін жалғасады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322