Өзбекстанда Қытай кәсіпорындары көбейді

Өзбекстанда Қытай компаниялар саны 43,6%-ға өскен. Ал Ресей, Түркия, Қазақстан, Оңтүстік Корея және АҚШ кәсіпорындарының саны азайған, деп хабарлайды gazeta.uz басылымы.
Өзбекстанның статистика агенттігінің хабарлауынша, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елде шетелдік инвестициялардың қатысуымен 14 871 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Өткен жылы олардың саны 5,8%-ға немесе 818 бірлікке өсті. Оның ішінде 3965-і бірлескен кәсіпорын болса, 10 906-сы шетелдік.
Шетелдік капиталы бар компаниялар саны бойынша Қытай бірінші орынға шықты (3357 компания). Бұл 2023 жылға қарағанда 43,6%-ға артық. Бұл жыл қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған шетелдік кәсіпорындар саны бойынша рекордтық өсім.
Екінші орында Ресей тұр. Ресейлік капиталы бар компаниялардың саны 3,5%-ға азайды (2937).
Басқа елдердің де кәсіпорындар саны азайған: Түркия – 1826 кәсіпорын (-3%), Қазақстан – 1041 (-2,2%), Оңтүстік Корея – 644 (-12,5%), АҚШ — 304 (-2,9%).
Abai.kz