Қырғызстанда жер сілкінді...

ҚР ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы 3 наурыз күні Астана уақытымен сағат 11:05-те жер сілкінісін тіркеді.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 122 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің координаттары: 42.155º с.е. 76.487º ш.б. Тереңдігі – 15 шақырым. Энергетикалық класы – 9.99. Магнитудасы – 4.3.
Сейсмологтардың мәліметінше, Қазақстан Республикасының аумағында сезілу байқалмаған.
Еске сала кетейік, биыл Алматыда 30 сейсмикалық станция орнатылатынын жазған болатынбыз.
Abai.kz