Жыл басынан 2 185 этникалық қазақ елге оралды

Қандастардың білім деңгейі қандай: Жыл басынан 2 185 этникалық қазақ елге оралды.
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың:
46,4% Қытайдан,
41% – Өзбекстаннан,
7,1% – Түрікменстаннан,
1,9% – Ресейден,
1,6% – Монғолиядан және 2% басқа елдерден келген.
Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 150 мыңнан астам этникалық қазақ оралды
Осы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,8%-ды, кәмелетке толмағандар 30,8%-ды және зейнеткерлер 8,4%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16,8%-ы жоғары білімді, 30,7%-ы орта кәсіби білімді, 50,8%-ы жалпы орта білімді және 1,7%-ының білімі жоқ, – делінген министрлік хабарламасында.
Қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталып, орналастырылған:
Ақмола,
Абай,
Қостанай,
Павлодар,
Атырау,
Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Abai.kz