Сәрсенбі, 16 Сәуір 2025
46 - сөз 758 0 пікір 14 Сәуір, 2025 сағат 11:44

Зеленский украин тілін қалай тез үйреніп алды?

Сурет: pravda.com.ua сайтынан алынды.

Көлемді сұхбаттан шағын үзінді...

Сұхбат алушы – Украина журналисі Дмитрий Гордон. Спикер – Владимир Зеленскийдің сайлау алды штабының бұрынғы бастығы әрі президент кеңсесінің бұрынғы бірінші бастығы.


Дмитрий Гордон:

- Зеленский украиншені қалай тез үйреніп алды?

Андрей Богдан:

- Бұл менің мақтанышым. Мен Львовтікімін ғой. Үйде де, балалармен де, ата-анаммен де украинше сөйлесемін. Оның үстіне неше жыл мемлекеттік қызметте істеген тәжірибем бар.

Ана тілің қай тіл десе, қай тілде ойланасың, сол тіл дейді ғой. Сондай-ақ, қай тілде түс көрсең, сол ана тілің дейді.

Зеленский сайлау алдында украинше сөйлеуі керек болды. Ол украинше сөздерді білетін еді, бірақ сөйлеуге қиналатын. Өмір бойы сөйлемеген адам ғой. Ренжуге де болмайды.

Украинше сөйлеу керегін оған түсіндірдім. Ол мұғалім жалдағысы келді. Бірақ оған күніне бір сағат керек. Онымен қоймай, үй жұмысын орындауға тағы бір сағат керек болады. Қызық емес қой. Өзім ағылшынша үйренгенде сөйлеп жүріп үйрену оңай екенін түсінгенмін.

Тіл үйренудің бірнеше кезеңі бар. Бірінші сөйлейсің, сені біреулер түзейді. Одан кейін өзіңді өзің түзей бастайсың. Сосын сол тілде ойланатын боласың.

Мен Зеленскийдің достарының бәрімен келісіп шықтым. Зеленский отырған жерде тек украинше сөйлейсіңдер дедім. Көндірдім. Сол уақыттан бастап мені олар ұнатпай қалды.

Төрт ай бойы украинше сөйледік. Зеленский отырған жерде орысша сөйлеуге тыйым салынды.

Порошенко осыны біліп, дайындалған еді. Зеленскийді украиншеден сүріндірем деп ойлады. Стадионда екеуі сөйлескенде Порошенко соған дайындалып келген еді. Бірақ адам украинше мемлекеттік мәселелерді сөйлесетін деңгейге жеткен соң, ол әңгімені орысша айта алмай қалады. Ол уақытта Зеленский осындай деңгейге жеткен еді. Мемлекеттік мәселеге байланысты сөздердің тек украиншесін білесің. Бірақ ол сөздердің орысшасын білмейсің. Өзің орысша өскен адам болсаң да, орысша түс көретін болсаң да... Зеленский Порошенкомен сөйлескенде осындай деңгейге жеткен еді.

Арман Әлменбет

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1942
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4756
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3907