Сәрсенбі, 16 Сәуір 2025
Жаңалықтар 682 0 пікір 14 Сәуір, 2025 сағат 12:16

Түркістанда «Күш лекциясы» республикалық жобасы бастау алады

Сурет: Ұйымдастырушылардан алынды.

А.ж. 15 сәуір күні сағат 11.00-де Түркістан қаласындағы Farab кітапханасында «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясының екінші жобасы – «Күш лекциясы» жобасы бастау алады.

Аталмыш жиынға облыс зиялылары мен белгілі күш мәдениетін зерттеуші, отырарлық Абылайхан Қалназаровтың «Балуан тас» қостомдығы, «Шымкенттің жұмсақ күші» кітаптарының оқырмандары, сондай-ақ спорт пен мәдениет және ақпарат салаларының өкілдері қатысады деп күтілуде.

Бұл іс-шарада Абылайхан Қалназаровтың жеке шығармашылығы, қазақтың ұлттық спорт түрлері мен күш мәдениеті және өңір батыр-балуандары туралы құнды ақпараттар беріледі. Сонымен қатар республика аумағында жүзеге асырылатын «Күш лекциясы» атты арнайы жоба таныстырылады.

Ұлттық спорт өкілдері мен жанкүйерлеріне өздерін қызықтыратын әрі баһадүрлік ұлттық мұраны дәріптейтін ерекше жобамен танысуға мүмкіндік бар.

Айта кетейік, «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері мен мәдениеті академиясы – қазақ халқының барлық дәстүрлі спортын сақтау, дамыту және халықаралық деңгейде танымал етуге бағытталған инновациялық орталық. Бұл ұйым ұлттық спорт түрлерінің физикалық, рухани-мәдени және зияткерлік құндылықтарын зерттеп зерделеп, болашақ ұрпаққа жеткізуді және спорт арқылы елдік рухты күшейтуді көздейді. Ол 2025 жылы 17 наурызында ұлттық спорт түрлері зерттеушілері мен ғалымдарының бастамасымен Астана қаласында құрылып, өз жұмысын бастады. Жетекшісі және құрылтайшысы Абылайхан Қалназаров.

Байланыс: 8 747 793 93 18 (Кітапхана өкілі), 8 778 442 84 13 (Абылайхан Қалназаров)

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1938
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4753
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3901