Бейсенбі, 24 Сәуір 2025
Бетбұрыс 526 0 пікір 23 Сәуір, 2025 сағат 13:11

Әлем деген не? «Қазақ әлемі» бар ма?

Сурет: jebeu.kz, abai.kz сайттарынан алынды.

Тарихта өркениеттік ошақтар пайда болады, жойылады, өзге атпен қайталанады және т.т ұлы оқиғалар өтіп жатады...

20-ғасырда «Ұлы Германия әлемі» дүниежүзілік соғыстың бастаушысы әрі жүргізушісі болды...

Бұл - Неміс классикалық философиясын өмірге әкелген елде пайда болды.

Философияның «шырқау шегіне жеттік» деген ой неміс халқының санасын жаулап алды.

Оның шоғын «иіссезгіш» Гитлер үрлей жөнелді: философия «арийлік нәсіл» теориясымен толықтырылды...

Әрі қарай, бәрі оңай жүзеге асты – «жер бетінде «асыл тұқымды» халық қана өз қалауымен өмір сүруге, билігін жүргізуге қүқылы» деген идеология өрісі дамыды...

Өзге халықтар оған бағынышты болуы керек еді...

Өмір мұндай идеологияны терістеді - соғыс Гитлер үшін жеңіліспен аяқталды...

Әлемде одан өзге де «әлемдер» бар.

Соның бірі - әрбір халықтың өз мәдениеті мен дәстүрі, тілі, ғылым-білімі, ұлттық мінезі, мемлекеттік сипаты. Бұл - біріккен әрі тұтастанған Әлем.

Ол «әлем» - әрбір халыққа тән және бұл әлем ЮНЕСКО шартында «Адамзат тарихындағы мәдени құндылықтар қатарында тұратын» шағын, қайталанбас, феноменді «рухани-мәдени әлемдер» галареясын құрайды...

Ол - ЮНЕСКО тарапынан қорғалады.

Алайда, ондай «ұлттық құндылықтар» бүгінгі информациялық заманда «өз шеңберінен» шықпайтыны маңызды болып шықты.

Ол - мемлекеттердегі «азаматтық» статуысына сай болуы керек.

Егер, бұл «әлем» осы шеңберден асып кетсе, онда әлемде міндетті түрде «гитлердің жолы» қайталанады.

Себебі, мұнда да бір «әлем» өзінің дүние жүзінде «ерекше статусы» бар екенін паш етіп, осы «үстемдігін» бар халықтарға, мемлекеттерге, олардың азаматтарына таңуға тырысады.

Мәселен, ол «тіл майданы», не болмаса, «ұлттық дәстүр», болмаса «ұлттық киім» форматтарында көрінуі мүмкін...

Ол өзінің сыртқы агрессиясын әртүрлі идеяларға ендіріп жібереді: «тарихи Отан», «Діни бауырластық», «ортақ салт-дәстүрлер» және т.т.

Осындай алмағайып заманда біз:

- «ҚАЗАҚ ӘЛЕМІ» бар ма?

- Бар болса, ол қандай сипатта не күйде?

- Бұл «қазақ әлемінде» тұтастық бар ма?

- Оның басты ерекшелігін қалай тануға болады?

- Әлемде бұл «кіші әлем» (қазақ әлемі) қалай сипатталады?

- Оның болашағы қай бағытта: өзін дамытуда ма, әлде, өзгеге жұтылуда ма?, - деп сұрауға мәжбүрміз.

Міне, аздаған шолу осындай өте күрделі сұрақтар легін туындатады екен.

Енді осыған біз қалай жауап береміз?

Құрметпен Әбдірашит Бәкірұлы,

Жаңадан құрылған «Қазақ әлемі» Республикалық қоғамдық бірлестігі мүшесі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2189
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5089
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4331