Жұма, 25 Сәуір 2025
46 - сөз 730 0 пікір 24 Сәуір, 2025 сағат 16:14

Пікір: Президент шеттегі қандастарын ұмытқан жоқ!

Суреттер: Ақорда телеграм арнасынан және Abai.kz мұрағатынан алынды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөз сөйлеп, елішілік һәм еларалық бірқатар мәселелерге тоқталды. Ұлтаралық бірлік пен татулықты сақтау мен халықаралық саясаттағы турболенттілік кезеңінде еліміздің сыртқы саясаттағы ұстанымдарын атап айтты. Соның ішінде, заманында тағдырдың жазуымен шетелге кеткен қазақтар жайлы да сөз қозғады.

Біз өз кезегімізде, қазақ көшінің, шеттегі қандастардың шын жанашыры, ақын, қоғам қайраткері Ауыт Мұқибектің пікірін оқырман назарына ұсынамыз...

Ауыт Мұқибек:

— Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы өтті. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев аталған сессияға қатысып, тарихи сөз сөйледі.

Ассамблеямен қатар, Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Қазақстан – тағдырдың жазуымен шетте туып, шетте өскен барша қазақтың тарихи Отаны. Шетелдегі қазақтардың басым көпшілігі ана тілі мен ата дәстүрін берік ұстанып келеді», - деп шекара сыртында қалған қандастарын да еске алды. Нақтылап айтақ, еске салды.

Атқарушы билік пен заң шығарушы орган түсіне білсе, бұл Қасым-Жомарт Кемелұлының Ұлы көш туралы жасаған ишарасы екені анық. Ал, бұл ишараны кім қалай қабылдайды және қалай түсінеді, ол енді сол адамның ұлттық сана-сезімінің деңгейіне қатысты мәселе!

Қазақстан Республикасының Конституциясына сай, Сенаттың он депутатын, оның ішінде бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша Республика Президенті тағайындайды. Демек, Қазақстан халқы Ассамблеясы — осындай биік мәртебеге ие ұйым. Мұндай мәртебе Еліміздегі ешбір ұйымда жоқ!

Сонымен бірге, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңның 6-бабындағы «демография және көші-қон саласындағы жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу», сондай-ақ, «шет елдердегі қазақ диаспорасына ана тілін, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін сақтау және дамыту, оның тарихи Отанымен байланыстарын нығайту мәселелерінде қолдау көрсету» – Ассамблея қызметінің негізгі бағыттары ретінде көрсетілген. Бірақ, неге екені белгісіз, Қазақстан халқы ассамблиясы өзіне берілген бұл мүмкіндікті өз деңгейінде пайдаланып жүрген жоқ.

Қалай десек те, Президент шеттегі қандастарын ұмытқан жоқ, бүгін барша әлемнің алдында олар туралы айтып келе жатқан тарихи сөзін тағы қайталады…

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2251
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5156
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4428