Сәрсенбі, 30 Сәуір 2025
Құйылсын көшің 243 0 пікір 30 Сәуір, 2025 сағат 15:04

Қандас - құлдық санаға қарсы күш!

Сурет: qandastar.kz сайтынан алынды.

Қандас дегеніміз кім? Халықаралық тілде репатриант, яғни өзінің ата-бабасының жеріне, тарихи отанына оралушы деген құқықтық санатты білдіретін сөз. 

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері келіп жатқан қандастарымыз, осындағы санасында жартылай болса да құлдық табы бар жергілікті қазақтарға байырғы қазақтың салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, көне қазақ мәдениетін әкелуде десек қате айтпағандығымыз. Бір сөзбен айтқанда, қандас деген ұғым – ел тәуелсіздігінің арқасында қоғамда пайда болған жаңа қазақ ресурсы, адам капиталы, атамекенінде отырған халқымызды және оның санасын отарсыздандыруға қарсы кереметтей құрал деп айтуға әбден болады.

Кезіндегі экс-президенттің жүйелі саясатының арқасында елге бір миллионнан астам қандастарымыз оралды. «Елге ел қосылса - құт» деген осы. Қазір, еліміздің абыройын көтеретін, күш-қуатын арттыратын, кезіндегі мұндай ғаламат жұмыстардың бірі де жоқ. Өкінішті-ақ!

Қандас – қазақ тілін тұтынушы, қазақы дәстүрдегі кәсіп-нәсіпті жаңғыртушы, демек ол республикадағы орыстанған қоғамды қазақтандырушы соны күш деуге болады. Ата қазақтың «Еншісі бөлінбеген елміз», «Тырнақты етінен айыруға болмайды» деген сөздерінде терең ұғым жатыр. Солай ғой!

Ұлы көш - Қазақстан егемендігін алысымен, 1991 жылы наурызда Моңғолия қазақтарынан басталды. Шекара сызығынан бері аттап өткен ағайындар сол кездегі экономикалық дағдарысты да, қиыншылықты да, тапшылықты да көрген болатын.

Міне, сол себепті осы күндері қандас деген ұғым - нағыз патриот, отаншыл, қазақы салт-дәстүрді жаңғыртушы, ана тілдің жанашыры деген кең аяда қоғамдық сана қалыптасты. Қандас ағайындарды қолдау - бауырмалдық пен мейірбандылықты, кісілікті, қазақы дархандық пен намысымызды қолдау деп түсінейік. Қандастарды елге қайтару - тәуелсіздік берген олжаның ең үлкені деп айтуға болады!

Бейсенғазы Ұлықбек,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2585
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5490
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4816