АҚШ пен Саудия ең ірі қару-жарақ келісіміне қол қойды

Дональд Трамп Сауд Арабиясымен ең ірі қару-жарақ келісіміне қол қойды.
Екіжақты мәміле құны 142 млрд долларға тең. Маңызды шешім Трамптың арнайы барған сапарының алғашқы күні қабылданды.
Келісім аясында АҚШ өзінің озық әскери техникаларымен бөліседі.
Құжат бес санатқа бөлінген: ғарыштық мүмкіндіктер, теңіз қауіпсіздігі, шекара қызметі мен ақпараттық жүйелерді жаңғырту шаралары. Сондай-ақ, араб әскерін оқытуды да қолға алғалы отыр.
Айта кетейік, 4 күндік турнемен келген Ақ үй басшысы Саудиямен бірлескен конференцияға қатысты. Басты мақсат экономикалық, инвестициялық және қорғаныс келісімдерін жасау.
Алғашқы нәтиже ретінде, саясаткер 1 трлн долларға тең инвестицияға қол жеткізгенін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұл Трамптың Ақ үйге оралған шетелге жасаған алғашқы ауқымды сапары.
Abai.kz