Айтмұхамбет Тұрышев. ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ РУХАНИ МӘДЕНИЕТ ЛЕКСИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ (Жалғасы)
Қазіргі әдеби тіліміз - халық тілінің жоғарғы формасы. Әдеби тіл дамыған сайын оның қоғамдық қызметі, стильдік тармақтары сараланып, нормалық жүйесі нығая түседі. «В области культуры русской речи в последние годы наиболее успешно развивались следующие теоретические направления: 1) вариантивность норм; 2) функциональность в оценках нормативного характера; 3) соотношение внеязыковых и внутрилингвистических факторов в становлении, развитии и функционировании литературных норм; 4) место и роль литературно - нормированных элементов в структуре национального языка; 5) культура речи в условиях двуязычия и многоязычия и некоторые другие» - деп жазылғанның кейбір элементтері біздің тілмізге де қатысты [44, 7]. Көпэтникалық Қазақстан үшін әрине ұлттық тілді дамыту орынды. Қазақ тілі доминанттық рөл атқаруы керектігі айтпаса да түсінікті. Уақытша орыс тілі ресми тіл ретінде қызметін тоқтатқан емес. Басқа тілдердің де дамуына Қазақстан қамқорлық жасауда. Халықтар Ассамблеясы азшылық ұлттардың басын қосып, тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі бола білуде. Н.Ә. Назарбаевтің: «Бірақ, қазақ тілін Қазақстандағы ұлттық топтардың барлығы да үйренетін болуы тиіс» - деген ұлағатты сөзі естерінде болар дейміз [45]. Еліміз егемендік алып, қазақ тілі әдеби тілге қатысты норманы сақтағанмен, мемлекеттік тіл ретінде өзінің толық қанды қызметін атқара алмай отыр.
Қазіргі әдеби тіліміз - халық тілінің жоғарғы формасы. Әдеби тіл дамыған сайын оның қоғамдық қызметі, стильдік тармақтары сараланып, нормалық жүйесі нығая түседі. «В области культуры русской речи в последние годы наиболее успешно развивались следующие теоретические направления: 1) вариантивность норм; 2) функциональность в оценках нормативного характера; 3) соотношение внеязыковых и внутрилингвистических факторов в становлении, развитии и функционировании литературных норм; 4) место и роль литературно - нормированных элементов в структуре национального языка; 5) культура речи в условиях двуязычия и многоязычия и некоторые другие» - деп жазылғанның кейбір элементтері біздің тілмізге де қатысты [44, 7]. Көпэтникалық Қазақстан үшін әрине ұлттық тілді дамыту орынды. Қазақ тілі доминанттық рөл атқаруы керектігі айтпаса да түсінікті. Уақытша орыс тілі ресми тіл ретінде қызметін тоқтатқан емес. Басқа тілдердің де дамуына Қазақстан қамқорлық жасауда. Халықтар Ассамблеясы азшылық ұлттардың басын қосып, тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі бола білуде. Н.Ә. Назарбаевтің: «Бірақ, қазақ тілін Қазақстандағы ұлттық топтардың барлығы да үйренетін болуы тиіс» - деген ұлағатты сөзі естерінде болар дейміз [45]. Еліміз егемендік алып, қазақ тілі әдеби тілге қатысты норманы сақтағанмен, мемлекеттік тіл ретінде өзінің толық қанды қызметін атқара алмай отыр. Бұған көптеген себептер бар. Тіл қоғамдық құбылыс оның дамуы тарихи үрдіске негізделген. «Әдеби тіліміздің сапасын арттырған сайын, тіл мәдениеті жақсара бермек» - дейді Қ. Есенов [46, 33]. Тілді тарихи мұра ретінде ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуші ол - адам. Адамның өмірі этномәдени тұрмысымен байланысты екендігі айтылды. Біздің ғасыр - өзінің артықшылығымен тарихи ғасыр. Барлық ойлар мен біздің жауаптарымыз, шығармашылығымыз тарихи негізден басталып, тарих табалдырығында пісіп - жетіледі - деген екен 1841 жылы Белинский [47, 172]. Тіл мәдениеті туралы жазған Т. Қордабаевтің еңбектеріне де назар аударғанымыз жөн [48, 121 қараңыз: 167]. М.М. Копыленко: «Тем не менее наибольшее число этнолингвистических исследований касается именно лексика и фразеологии как такого яруса языка, в котором этнос находит наиболее яркое выражение» - дейді [49, 19]. Қазақтың этномәдениетіне байланысты Ш. Уәлихановтың: «Іле өлкесінің географиялық очеркі», «Қазақтың оқ - дәрісінің құрамы», «Егіншілік туралы», «Киіз үй», «Қазақтың молалары мен жалпы көне ескерткіштері жөнінде», «Қазақ шежіресі», «Тәңірі (Құдай), «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Аруақтар немесе онгондар - өлген ата - бабалардың рухы», «Қазақтардың космологиялық түсініктері», «Әуедегі құбылыстар», «Жаман көзден, ыбылыстар мен әр түрлі аурулардан сақтайтын - тұмар» т.б. атап өтуге болады.
Ы. Алтынсариннің: «Этнографиялық очерктерінде»: шариғат, үй сынық, жесір, тоқал, ілу, жыртыс, кемпір өлді сүт ақы, сәукеле кигізу т.б. айтылады.
А. Құнанбаев шығармасында: күлдәрімен белін буған, төркіні, жел ұшық, намаз шам, қалың, қансонар, томаға, найза, тымақ, насыбай, медресе, шөлмек, алтын бергек, елубасы, шар салып, жайлау, қыстау, аршопке, шапан, сабау, кереге, бөрік, тон, өлекшін, кәннің, бәйітсымал, қобыз, домбыра, шылдақана, малма сапсиды, ақ шомшы, керуен, күзеу, қарша, киіз, ұшпа, қом, ылау, шүйінші, бойкүйез, бәңгі, шолпы, кәмшат бөрік, тұғыр, көйлек, кебін, үкі тақтық, барымта, қамқа, торғын тон, дулыға, сауыт, қылыш, шарайна, босаға, төр т.б. көптеген этномәдени лексика кездеседі [50, 677].
Ш. Құдайбердиев шығармасындағы этномәдени лексиканың кейбірін атап өтсек олар мыналар: ұжмақ, ұршықтай, шалбар, ноқталы, күсіп, төрт аяқты мал, қақпан, бота, құлын, лақ, қозы, пішен, қынап, қанжар, жұлдыз, ай, жетіқарақшы, үркер, таразы, шолпан, темірқазық, қосбозат, шелді көз, уыздай келіншек, әміркеннен мәсі-етік, сукно, түлкі тымақ, ақ шарып, қымбат ішік, қыл шапан, бешпент, шалбар, сағат, калошмы, ер - тұрман, күміс, қалам, көрпе, қымыз, құрыш, мырыш, лапкесі, шылбыр, құдық, шыңырау, белбеу, сынық ине, таспа, қармақ, көже, талақ, желі, бағлан,шақпақ, бүлдірге, мәңгүр, қора, бұқа, маймыл, әтеш, тауықтың айғыры, қанжыға, тарамыс,домбыра, гормон, дойбы, карта, сауыт, шатыраш, жесір, құрым үй, жебелі оқ, саптама, ақ сауыт, қын, қалпақ, тұзақ, күбі, ірімшік, шүмек, бақсы, ноқта, шебелет қалпақ, тар шалбар, қысқа сертек, шашақ сәкәкүл, таға, сақа, құндақ, нажағай, темірқазық, минут, шерік, қамшы, құрық, жанторсық, саптаяқ, тәспық, сәлде, жайнамаз, еруліг, малта, ноқта, сәждә, кісен, асық, балгер, көсеу, желбау, ошақ т.б. [51, 547].
Тілдің сан - салалы қызметі туралы қажымай, талмай зерттеп жүрген ф.ғ.д, профессор Р.Сыздықова ... тілдің көркемдігін зерттеп, мақсаты мен талдау әдісі жағынан айырмашылығы бар: лингвистикалық стилистика; екіншісі - сөз мәдениеті - деп, жазды [52, 177]. Қазақ тілінің құпиясын байқаған Ө. Жәнібеков тіл мен адам психологиясын ұштастыра келіп: Байқап қарасақ адамның қайсы бір ұлтқа жататындығының өзі оның бет пішінінен ғана емес, халықтық дәстүрлермен байланыстылығынан да көрінеді екен. Асар - үмені, қонақ кәдені, ауылдың «алты аузын», бастапқыны (бастанғыны - болса керек-А.Қ.), келін ізетін, күйеу мізетін, той бастарды, беташарды, әужарды, басқа да кәде - жоралғыларды іштей ұғынып, жүрекпен сезінген адамның мерейі үстем болатыны тағы бар - дейді [53, 3].
Өнердің ерте кездегі мінездік сипаты синкретті болды. Синкрет - (грек. synkretismos - біріктіру) - әртүрлі көзқарастардың тоғысы. Көне діннің пайда болу жолы әртүрлі. Оларға: магия, фетешизм, тотемизм, эротикалық салт, жерлеу дәстүрі т.б. жатады. Негізгі түп - тамыры алғашқы адамдардың өмір тұрмысына апарады. Анемизм - Бұл терминді ғылыми айналымға ағылшындық этнолог Э.Б. Тайлор (1832 - 1917) енгізген. Ерте қоғамдағы адамның жеке құндылығының сенімі, сыртқы дүние әсерінің тылсым сырларымен астасып жатты. Алғашқы мифологиялық көзқарастармен тығыз байланысты болды. Анемизм (лат. anima - аруақ, жан) адамдардың табиғи сипаттарымен сапасымен айқындалады. Тайлор бұл сенім теориясының ядросы - барлық дін алғашқыда «тағы - пәлсәпә» «рух» «жанның» денеден бөліну қабілетіне байланысты болды. Бұл сенімнің бұлтартпастай дәлелі - түс көру, галлюцинация, летарикалық түс көру кезеңі, жалған өлім, және тағы басқа түсініксіз құбылыстар жатады. Магия - діннің неғұрлым көне түрі. Магия (грек. megeia - волшебство) кейбір символикалық іс - әрекеттер мен дәстүрлер, сиқырлау және салт - дәстүрлер жатады. Ағылшын дінтанушысы, этнолог Джеймс Фрэзер (1854-1941) діннің алдындағы кезең дейді. Неміс этнологы, социологы А. Фирканд (1867-1953) діннің дамуының негізгі көзі деп қарайды. Орыс этнографы Л.Я. Штернберг (1861-1927) анемизмнің сенім - нанымның жемісі деп біледі. Фетишизм - (франц. fetihe - тұмар, амулет, идол) ерекше күш иесі сипатты жансыз заттарға табыну. Фетешизмнің табыну нысаны: тас, ағаш, т.б. заттар болуы мүмкін. Амулет - (араб. гамала - алып жүру) алғашқы кезеңдегі фетешизм мен магияға апарады. Қазақтардың кейбірі түсінбесе де тұмар, аюдың тырнағын т.б. мойындарына іліп алады. Тотемизм - көптеген халықтың дінінде мал - жанға, ағашқа табыну ұшырасады. «Тағыларға» әлем жанды болып көрінді. Оның ішінде - мал - жан, ағаш та болды. «Тағы» өзінікі сияқты оларда да жан бар деп, олармен қарым - қатынас орнатты. Алғашқы адам малдың атымен өзін атады. Оларды өзінің «бауыры» деп атап, оның өліміне қайғырды, мұны: тотемизм - дейді. Тотемизм - (солтүс. Үнді ототем - оның табы) дегенді білдіреді. Тотемизм - ру мен өсімдіктер және жан - жануарлар (көбіне табиғат құбылысына байланысты) қандық байланысын, сенімді жатқызады. Рулық, фратриалдық (грек. фратрия-ағайындар), топтық, жыныстық және жеке тотемизм болады. Бұның қайсысы көне? Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша фратрий тотемін көне деп есептейді. Тотемизм - қазақтарда кездеседі. Мысалы: Әулиеге ат айтып, Қорасанға қой айтып (Қыз Жібек), Әулиеге ат айтып, Қорасанға қой айтып (Қобыланды, 39); Әулиенің сыбағасына жылқы атаған (құрбандыққа сойған) да, Қорасан (індет) кетсін деп қой сойған. Көбіне еркек малды атаған. Жас бала туғанда мойыны, бұғанасы, бел омыртқасы берік болсын деп, сойылған қойдың омыртқаларын тізіп жинап қойған. Туған ер баланың «жолдасын» көмгенде асықты қызылға бояп үш - төртеуін бірге көмген. Қойдың кәрі жілігін шарбақ қораның шыталарына іліп қойған (Ш. Уәлихановты қараңыз) т.б. Бұлақты жерлерде, жалғыз жарым ағаш кездессе, «әулие ағаш» - деп әлем - жәлем ілген. Астана қаласында тотемизмнің белгісі болған «Алып бәйтерек» символикасы бой көтерді. С. Қасқабасов: «Адам мен жануарды бөлмеу, адамды екі кейіпті болады деп түсіну ол замандардағы миф кейіпкерін жартылай адам, жартылай жануар түрінде бейнелейді, яғни зооантропоморфтық образ жасайды. Бұл, әсіресе, тотемдік мифтерде кең етек алған, ал кейінгі дәуірлерде мифтің басқа да түрлерінде орын тепкен. Әдетте, көне тотемдік мифтерде бір рулы ел мен белгілі бір жануарлар тобының тотемдік атасы - бір аң деп баяндалады. Бұл мифтердегі кейіпкерлердің өзгеруі - әлі таза құбылу емес, бұл мақсатты құбылуға апаратын жол. Мақсатты құбылу кейін, мәселен, ертегі жанрының бір белгісіне айналады. Ал, тотемдік мифтегі қаһарман кейіпінің өзгеруі шын мәніндегі құбылу деп саналмауы керек, себебі мұнда сол кездегі сана бойынша қаһарман адам кейіпінде де, жануар түрінде де көріне береді» - дейді [54, 69]. Тіл мен дін егіз ұғымдар. Діни лексика қазақ тілінен тыс өмір сүрмек емес. Діни лексика қазақ тілінің сөздік қорының бөлінбес құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақ тіліндегі діни лексикалар этномәдениетке дендеп енгені соншалықты оларды қазақ тұрмысынан бөліп қарастырудың өзі әбестік болар еді. Қазақ мәдениетін ислам дінінсіз көзге елестетудің өзі қиын. Араб жазуы қазақ мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосты. В. Бартольд: «Арабский язык, как язык ислама и язык культуры, оказавшей несомненное влияние н культуру западной Европы, всегда привлекал к себе небольшее число исследователей среди европейских оренталистов; научные успехи достигнутые этого отраслью знания, значительно превосходят успехи других отраслей востоковедения» - дейді [55, 154]. Қорқыт ата (VIII - IХ ғ.) өмір сүргенмен шығармалары бертін жарыққа шықты. Сондықтан да шығармаларында оғыз - қыпшақ елінің салты мен тұрмысы кеңінен көрінеді. Қорқыт ата шығармасы Ислам діні дәуіріне дөп келген соң мұсылман қағидалары, діни лексикалар ұшырасады. Темір досы, дін тұтқасы Мұхаммед көрікті, Мұхамедтің оң жағында намаз оқығанда Әбубәкір - Сыддық көрікті, «Ясин» аяты көрікті, пайғамбарлар, құран, құтба намазы, азан т.б. [56, 13-14]. Сол дәуірге жатқанымен, шығарамаларында діни лексика онша көп кездеспейді: Ислам шеңберіндегі суфизмдік ағымды ұстаған Әбунасыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ әл -Фараби Түркістандағы Фараб (Отырар) қаласында 870 жылдары туған.
Махмұт Қашқари сөдігінде көне түрік заттық және рухани мәдениет сөздері өте көп: ат, оқ, ун, алб, от, ир, он, атыз, өкуз, ыдыш, уруғ, очақ, азуқ, әтук, ічук, өрук, узум, еркәк тақғу, арқар, орғақ, алтун, улар, арпа, уғуршық, қын, қанат, қылыч, көмәч, қобуз, қымыз, қамыш, кумуш, қорығ, балық, білік, тәзәк, төшәк, тішәк, көрук, көлук, келін, лачын, қатун, тушақ, ьулан, көгән, қамчы, кәкрә, тамға, қарға, кәтмән, қалқан, бузағу, қысғач, балдыз, сувлық, т.б. І. Кеңесбаев «Орта ғасырда қазақ халқының жазба дәстүрі болғанын бәріміз де құптаймыз. Өйткені өмірдің қиын тауқыметінен жазба дәстүріміз туыстас түркі тілдерімен астасып жатты» [57, 83] - дейді. Бұл келтірілген мысалдардан да айқын көрінеді.
Ахмад Яссауи шығармасында рухани мәдениет лексикасы кездеседі: өнер, білім, ой, ақыл, абырой, бақыт, уақыт, жұт, шырақ, жарық, әдептілік, құл, қызмет, нұр, құрмет, дәстүр, т.б. Ахмат Яссавий хикматларында: бисмиллох, хикмат, дафтари, ғариб, фақир, даргохиға, ғарибларын, Мадинаға Расул, мехнат, қуъон, намоз, қазо, мухаббатни, шайтон, имон, нафсим, мактаб, суннат, кофир, нурға, рух, жибрил, хафтум, аласт, арвох, зикр, оллах, бобом, шароб, товба, азозил, иллийюн, иншоаллох, лаббайк, мул, уқбо, олам, ориф, арш, азоб, жамол, чортер, чилтан, дарвеш, дин, адаб, ибодат, икки нур, каромат, мехмон, меһрож, нафс, зикр, муршид, нолмус, суфий софлық бағыттағы және ара тұра ислам діни лексикалары ұшырасады [58, 254].
Ахмет Йүгінеки еңбегінде: дұға, кітап, дүние, жомарт, тілі, зиялы, сараң, тәкәпарлық, шапағат т.б.
Сүлеймен Бақырғани еңбегінде: құдай, құлшылық, тозақ, Алла, күнә, астағфиралла, дәрет, михнат, ғибадат, иман, құлшылық, зікір, шариғат, софылық, парыз, ораза, нәпсі, шапағат, мұсылман, әулие, уажиб, сүндет көбіне діни лексика кездеседі. Алтын орда - Қыпшақ дәуіріндегі әдебиеттен: Рабғузидің «Нух' алайһи с - салам хикаялары», «Сүлеймен алайһи с - салам хикаялары», «Харут пен Марут хикаялары»; Хусам Кәтибтің «Жұмжұма сұлтан» нағыз мұсылман дінін уағыздаған шығармалар. Өз кезінде, қазір де құндылығын жоймаған иманияттыққа, мұсылман мәдениетіне шақыратын еңбектер болып табылады. Діни лексика сияқты ислам мәдениеті де қазақ мәдениетінен бөлек дүние емес. Қазақтар қазақ тілінде сөйлейтіндер, діни тұрғыда сөйлейтіндер болып екіге бөлінбейді. Демек, қазақ мәдениеті, мұсылман мәдениеті деген де жоқ. Бір тұтас ислам мәдениеті шеңберінде өркен жайған қазақтың ұлттық мәдениеті деген бар. Сол сияқты қазақ тіліне етене сіңісіп кеткен діни лексика (терминдер) деуге болады тілімізде қалаптасып күнделікті сөйлеу тіліне айналды. Діни лексика тек қана адамды жерлеген рәсімдерде ғана қолданылады, қожа, молдалардың, мешіттің «кәсіби лексикасы» десек қатты қателесеміз. Діни қағидаларды «кәсіби лексикаға» айналдырып жүргендер шын мәніндегі «дүмше молдалар», «дінді апиынға» қалай айналдырғанын білмей қалған, ислам әлемінен, мәдениетінен жұрдай, хабары жоқ, сауатсыз дін иелері екендігін неге жасырамыз. Жалпы, қазақ тілінде «тіл және дін» туралы аз айтылып келді, теориялық еңбектер жоқтың қасы. «Жалпы тіл білімі» [59] «Тіл білімінің негіздері» [60] - деген еңбектерде мүлдем сөз болмайды. Кеңес дәуірі кезеңінде «діни лексика» мәселесі жабық тақырып болып келді. «Тіл және дін» туралы айту басыңды қатерге тігумен пара - пар болды. Бір тұтас қазақ әдебиетінен ғасырлық мәдениет алынып тасталды. Қазақ әдеби тілінің дамуына ықпалы бар «діни лексикалар» туралы мүлдем сөз болмады. Бірақ, орта ғасыр жазба ескерткіштерінің тілі - Г. Абдрахманова [61, 49], А.К. Құрышжанов [62, 49], М.Оразов [63, 279], Э.Н. Наджип [64, 162], А.Ибатов [65, 211], Ескі түркі жазба ескерткіштері [66, 81, 123], туралы зерттеулер т.б. лингвистикалық талдауға түсті.Түбі «тіл және дін» - атты тарау толығынан қайта қаралады деген үмітімізде жоқ емес. Ислам діні конфуци - даосистік және үнді - будда және хрестиян дініне қарағанда жас дін. Оның шығуы VII ғасырдың бірінші жартысына жатады. Араб жерінде көне арабтар тайпасы өмір сүрді [67, 194]. Исламның негізін қалаған Мұхаммед пайғамбар болды [68, 250]. Мұсылмандар бір ғана Аллаға ғана сенеді. Құдай, әлем туралы шындықты айту үшін арнаулы адамдар пайғамбарлар таңдап алынды. Ең соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед болды [69]. Басқа ерте уақыттағы пайғамбарлар: Адам, Ной (Нұх), Авраам, Лот, Моисей (Мұса), Давид (Дәуіт), Соломон (Сүлеймен), Иссус Христос т.б. болды. Мұның ішінде Мұхаммед ілімі ғана шындыққа жуық келді. Ислам діні бойынша әлем алланың әмірімен алты күнде жасалды. Әйел еркектің қабырғасынан жасалды. Адам өмірінің ең тәтті күндері Адам мен Хауаның өмірі деп оқытты. Құран (арабша оқу) ислам дінің қасиетті кітабына айналды. Ислам діні мен қазақтың әдет - ғұрыптары, салт - дәстүрлері туралы еңбектер жазылды [70]. Н.Ә. Назарбаев «Сындарлы он жыл» - деген кітабында: «Ислам дінін қабылдаған қазақтар Құран ережелерінің негізінде де, исламға дейінгі дәстүрлі ырым - жораға да табиғи түрде және бір мезгілде мінәжат ете алатын болған. Осылайша, қазақтар өздері үшін жаңа араб дінін қабылдағанымен, өз бабалары - түркінің көшпелі тайпаларының рухани мұрасынан да көз жазған жоқ» - дейді [71, 3]. Бұдан шығатын қорытынды ислам дінін қабылдаған қазақтар мұсылмандық әдет - салтқа, тұрмысқа байланысты күнделікті өмірдегі заттық және рухани мәдениетке қатысты сөздерді де қабылдады бірақ, өзінің ата - бабасының тілінен алшақ кеткен жоқ. «Оканчательно решить судьбу казахской традиции в Казахстане может лишь появление тех, кого в исламе зовут Аль инсан - аль камиль - Человек Совершенный» - деген сөз әркімді ойландырады [72]. Осы орайда Зира Наурызбаева [73]. Әлмира Бекетқызы Наурызбаеваның [74]. Евфрат Бағдатұлы Иманбектің мақалалары мен сұхбаттарын ерекше атап өтуге болады [75]. «Ислам уммасының болашағы» деген халықаралық конференцияда Мұхтар Құл - Мұхаммед баяндама жасады онда: «Ислам мен білім егіз ұғым. Алла тағаланың 99 есімінің бірі - білім» - деді [76]. Мұхтар Құл - Мұхаммед: «Жалпы мәдениетке тоқсан тоғыз анықтама берсек те ұлттық мәдениетің тірегі біреу ғана, ол - тіл» [77] - деген сөзінің түп - төркініне тереңірек барайық. Еліміз егемендік алуы қарсаңында «Тіл туралы заң» 1989 жылы қабалданды [78]. Қазақстан республикасының Президентінің өкімімен «Қазақстан республикасы тіл сясатының тұжырымдамасы (1996)» бекітілді. Егеменді елдің мемлекеттік тілінің қолданылу аясын тағы бір пысықтап берген бірден - бір маңызды құжат болды. Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы заң» (1997), Егеменді Республиканың Конститутциялық заңындағы мемлекеттік тіл туралы айтылғанды кеңінен - талқылап нақтылап берді. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» мемлекеттік тілдің сала - салада қолданылуын тағы да айтып өтті. Сайып келгенде 1996 жылғы құжатпен мазмұны сай келіп, бәлендей айырмашылығы жоқ болды. Тек қана ғылыми қамтамасыз етуде: А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты басым рөлге ие болуға тиіс - деген сөйлем жазылды. Соңғы жылдары мерзімді баспасөзде қазақ тілінің болашағы жөнінде өткір - өткір мақалалар жарық көрді. Атап айтсақ: ф.ғ.д Ө. Айтбаев [79] терминология туралы бүгінгі күннің өзекті мәселесін көтерді. Ф.ғ.д Б. Хасанов [80] мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы, С. Ақтаев [81], Мұхтар Құл - Мұхаммед [82] т.б. қазақ тілінің болашағы жайында сөз қозғады. Мемлекеттік тіл шыны керек «Баяғы жартас бір жартас» күйінен бір таңбады. Жетім бала «Көркемтайдың» күйін кешкелі қашан. әл-Фрабидің өзі тіл ғылымын басқа ғылымдардан жоғары қойды [83, 47]. Қазақ тілінің мемлекеттік статусы бола тұра неге өз дәрежесінде қолданылмайтыны туралы Б.Хасанов аталған мақаласында 17 сұраққа бейресми түсіндірме берді сонда барлық жайттар анық айтылған. «Конститутциялық Кеңес тіл заңы саласындағы осы атап көрсетілген және атап көрсетілмеген қайшылықтарды біржолата жою үшін «Қазақстанның мемлекеттік тілі туралы» жаңа заң қабылдауын талап ету әділ болары сөзсіз» - дейді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Краткий философский словарь. Под редакцией М. Розенталя и П. Юдина. Политиздат при ЦК ВКБ (б). 1940. - С. 323-324
2 Төкенов Ө. С. Мәдениеттану негіздері. - Алматы: Дайк пресс. 2001. - Б. 63.
3 Тимошинов В. Культурология. - Алматы, 2001. - С. 101.
4 Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. - Алматы: Евразия, 1995. - С. 19.
5 Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану негіздері. -Алматы: Дәнекер, 2000. - Б. 146.
6 Мұқтарұлы С. Шоқан және өнер. - Алматы: Өнер, - Б. 1985. 216.
7 Хусайнов К.Ш., Жубанов М.Х. Проблемы фоносемантического деривации. -Алматы: Ғылым, 1998. - Б. 69.
8 Культурология. История мировой культуры. - Москва: UNITY, 2000. - С. 57-58.
9 Батманов И.А. Грамматика киргизского языка. Выпуск 1. - Казань: Киргизское государственное издательство Фрунзе, 1939. - С. 54.
10 Копыленко М.М. Основа этнолингвистики. -Алматы: Евразия, 1995. С. 71.
11 Ежелгі дәуір әдебиеті. - Алматы: Ана тілі, 1991, - Б.10 -25.
12 Қайдаров А.Т., Керимбаев Е.А. Этнолингвистические аспекты казахской ономастики // Известия Ан КазССР Серия филологическая, 1990, № 3. - Б. 5.
13 Ежелгі дәуір әдебиеті. - Алматы: Ана тілі, 1991, - Б. 26 - 38.
14 Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. - Алматы: Евразия, 1995, - С. 19.
15 Седельников А.П. Распределение населения киргизского края по территории, его этнографический состав, быт и культура // Абай, №8. 1993, - Б. 20.
16 Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж., Құлсариев А. Мәдениеттану. - Алматы: Дәнекер, 2000. - Б. 48-49.
17 Щерба А.М. Сравнительная фонетика тюркских языков. - Ленинград: Наука. Ленинградское отделение. 1970. - С. 110.
18 Джунисбеков А. Сингармонизм в казахской языке. - Алматы: Наука, 1980. - С. 9 .
19 Звигенцев В.А. История языкознания ХIХ и ХХ веков в очерках и извлечениях. Часть 1. Государственное учебно-педагогическое издательство Министерство просвещ. РСФСР. - Москва, 1960. - С. 205.
20 Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану негіздері. -Алматы: Дәнекер, 2000. - 52 -54.
21 Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. - Алматы: Ана тілі, 1998. - Б. 13 - 14.
22 Ведение в культурологию. - Москва: ВЛАДОС, 1995, - С. 87.
23 Құран кәрім. 1991. - Б. 342.
24 Томсен В. История языковедения до конца ХIХ веке Государственное учебно-педагогического издательство Наркомпроса РСФСР. - Москва-1938. - С. 32.
25 Березин Ф.М. История советского языкознания. - Москва: Высшая школа, 1981. - С. 103.
26 Введение в культурологию. - Москва: ВЛАДОС, 1995. - С. 84
27 Культурология. - Ростов - на - Дону: ФЕНИКС, 1995. - С. 34 -35
28 Культурология. - Москва: ЦЕНТР, 2000. - С. 67.
29 Седельников А.П. Распределение населения киргизского края по территории, его этнографический состав, быт и культура // Абай, №8. 1993. - С. 20.
30 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Алматы: Ғылым, - Б. 314-317, 275 - 283.
31 Копыленко М.М. Основы этнолингвистики . - Алматы: Евразия, 1995, - С. 21.
32 Сейдімбеков А. Күңгір - күңгір күмбездер. - Алматы: Жалын, 1981. - 148.
33 Культурология. - Москва: ЮНИТИ, 2000. - С. 30.
34 Ақсауыт. Батырлар жыры. Екі томдық. - Алматы: Жазушы, 1977. - Б. 71, 218.
35 Жұмабаев М. Таңдамалы. - Алматы: Ғылым, 1992. - Б 196.
36 Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениеті. - Алматы: Жалын, 1971. - Б. 74.
37 Адамбаев Б. Казахское народное ораторское искусство. - Алматы: Ана тілі, 1994. - С. 74.
38 Головин Б.Н. Основы культуры речи. - Москва: Высшая школа, 1980. - С. 6 - 7.
39 Виноградов В.В. Язык Гоголя и его значение в истории русского языка // Материалы и исследования по истории русского литературного языка. Том III . - Москва: Издательство академии Наук СССР. 1953. - С. 15.
40 Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. - Алматы: Қазақстан, 1971. - Б. 74.
41 Скворцов Л.И. Теоретические основы культуры речи. - Москва: Наука, 1980. - С. 90.
42 Смағұлова К.Н. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық - мәдени аспектілері // ф.ғ.д., ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертацияның авторефераты. - Алматы: 1998. - Б. 37.
43 Құрманғалиева С. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту. - Алматы: Қазақ ССР-нің Ғылым баспасы, 1984. -Б 24.
44 Основы культуры речи. Хрестоматия. - Москва: Высшая школа, 1984. - С. 7.
45 Назарбаев Н. Ә. Ортақ үйіміздегі тыныштық - баршамыздың әрбір қазақстандықтың игілігі. Қазақстан Халықтары Ассамблеясының сесиясында президенттің жасаған баяндамасы. // Сарыарқа самалы. №9 (12956) 1999.
46 Өрелі өнер (Тіл мәдениеті туралы) - Алматы: Ғылым, 1976. - Б. 33.
47 Белинский историк и теоретик литературы. - Москва -Ленинград: Наука, 1949. - С. 172.
48 Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Рауан, 1991. - Б. 121; Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары. - Алматы: Рауан, 1995. - Б. 167.
49 Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. - Алматы: Евразия, 1995. - С. 19.
50 Құнанбаев А. Шығармаларының бір томдық жинағы. - Алматы: 1961. - Б. 677.
51 Құдайбердиев Ш. Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1988. - Б. 547.
52 Сыздық Р. Сөз Құдіреті. - Алматы: Санат, 1977. - Б. 177.
53 Жәнібеков Ө. Ата-баба мұрасы: уақыт пен өмір талаптары тұрғысынан // Егеменді Қазақстан. 1992. 3 қазан. - Б. 3.
54 Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. -Алматы: Ғылым, 1984. 69 б.
55 Бартольд В. История. Изучения Востока в Европе и России. Лекции читанные в университете и в Ленинградском институте живых восточных языков. - Ленинград: Издание второе..1925. - С. 154.
56 Қорқыт ата кітабы. - Алматы: Жазушы, 1994. - Б. 13 -14.
57 Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. - Алма-Ата, 1987. - Б. 83.
58 Ахмад Ясауи. Хикматлар. - Тошкент: Ғафур Ғұлам номидаги Адабиет ва санъат нашриети, 1990. - Б. 254.
59 Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі. - Алматы: Мектеп, 1983.
60 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 1993.
61 Абдрахманова Г.Х. Қожа Ахмед Яссауидің «Диуани хикмет» тіліндегі септік жалғауларының сипаты // ф.ғ.к., кан. ғылым дәр. алу. үшін. жаз. диссерт. Авторефераты. -Алматы, 2000. 49 - б.
62 Құрышжанов А.К. Исследование по лексике <тюркского - арабского словаря > Алма -Ата, 1970. С.49.
63 Оразов М. Семантика Казахского глагола (Опыт семантической классификации) // Диссертация на соискание ученной степени док. фил. наук. -Алма -Ата, 1983, С. 279.
64 Наджип Э.Н. Тюркоязычный памятник ХIV века «Гулистон» Сейф Сараи и его язык. Часть первая. -Алма-Ата: Наука, Каз.ССР. 1975. С. 162.
65 Ибатов А. Қутбтың «Хусрау уа Шірін» поэмасының сөздігі. -Алматы, 1974. 211 б.
66 Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. Ибатов А. Қыпшақ Берке Фақиһтың тілі, 81 б; Сағындықұлы Б. ХII ғасыр ескерткіші «Һибат - ул - Хақайықтың тіл ерекшеліктері» 123 б; -Алматы: Наука издат. Каз. ССР, 1983.
67 Введение в культурологию. -Москва: ВЛАДОС, 1995. С. 194.
68 Культурология. История мировой культуры. -Москва: ЮНИТИ, 2000. 250.
69 Мұхаммед пайғамбардың өмірі. -Алматы: Жазушы, 1994.
70 Мустафина Р.М. Представления, культы, обряды у казахов. -Алма -Ата: Қазақ университеті, 1992; Өсеров Н., Естаев Ж. Ислам және қазақтардың әдет - ғұрпы. -Алматы: Қазақстан, 1992.
71 Жолдасбеков М. Рух эволюциясы Н. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» («Критическое десятилетие») атты тың туындысы хақында // Егеменді Қазақстан. 2003, № 35 - 36 (23236) 3 б.
72 Нурпейсова Ш.А. К чистому роднику традиции (сұхбат) //Заман -Қазақстан. 1997. №19 (192).
73 Наурызбаева З. Духовность как источник нормативного регулирования традиционного общества // Заман Қазақстан. 1997. № 22 (195).
74 Наурызбаева Ә.Б. Мәдениет жаратушы - адам еңбегімен қымбатты (сұхбат) // Заман Қазақстан. 1997. № 8 (181); № 9 (182).
75 Иманбек Е.Б. Культурономика - образ будущего для Кахзахстана // Заман Қазақстан. 1997. № 14 (187).
76 Егеменді Қазақстан. 2003. № 127-130 (23340) // Египетте Араб республикасының астанасы Каир қаласында дүние жүзінің 70 - ке жуық елдерінің бас қосқан «Ислам уммасының болашағы» атты үлкен халықаралық конференция болып өтті.
77 Егеменді Қазақстан. Ұлт мәйегі - мәдениет. Мұхтар Құл -Мұхаммедтің «Ұлттық мәдениеттердің тарихи сабақтастығы» атты халықаралық конференцияда сөйлеген сөзі. 2003. № 139 (23349).
78 Қазақ Советтік Социалистік республикасының Тіл туралы Заңы. -Алматы: Қазақстан, 1989.
79 Айтбаев Ө. Сөз түзелді тыңдаушы сен де түзел // Егеменді Қазақстан. № 134 (23344). 2003 жыл. 31 мамыр.
80 Хасанов Б. Заңның күші - тілдің сұсы // Егеменді Қазақстан. № 150 (23360) 2003 жыл. 21 маусым.
81 Ақатай С. О. Сүлейменовтың «Тарихқа дейінгі түріктер» деген кітабының «Түрік тілі мен жазуының шығу тегі хақында» (аударған) Түрік тілі мен жазуының шығу тегі хақында // Заман Қазақстан. №27 (434) 4 шілде, 2003 жыл.
82 Мұхтар Құл - Мұхаммед. Ұлт тірегі - тіл. //Ана тілі. №19 (648) 2003 жыл, 15- мамыр.
83 Көбесов А. Әл Фараби. -Алматы: Қазақстан, 1971. 47 б.
21/09/2009
«Қазақ тілі» (Мәскеу)
Соңы