Сәрсенбі, 21 Мамыр 2025
Анық-қанығы 341 0 пікір 21 Мамыр, 2025 сағат 14:40

Түркілік дәстүр-аруақтарды еске алу күні

Сурет: автордың жеке мұрағатынан

Аруақтарды еске алу күні көктемнің бастапқы айы мамыр айының ортасында атап өтілетін көне түркілік мүрәсім. Оның ұмыт болғанына бірнеше ғасыр болды, бастысы Алтын Орда мен Моғолстандағы исламның билеуші таптарға, онан біртіндеп көшпенді жұрт арасына таралуы, әсіресе 16-ғасырдың соңында қазақ даласын мекендеген қазақ ордасына қарасты көшпенді тайпаларыдың ислам дінін толық қабылдауына байланысты ұмыт бола бастаған. Анығы бұл салттың тамыры өте арыда жатыр, оны сақ заманынан іздеуге тура келер еді.

Жерлеу материалдарына қарағанда сақтарда ата-баба аруағына табыну, отбасылық, рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге табыну ғұрыптары болған. Бұл ғұрыптар өлген адам рухының мәңгі жасайтынына, өлген соңда өз руының салты, үйреншікті ғұрыптары бойынша өмір сүре беретін о дүние бар дегенге негізделген. Өлген адамның денесі негізінен өзінің қыстаулығына жерленген. Шығыс Қазақстан аумағындағы сақтар моласында ақсүйектердің денесін мумиялау болған. Қазақстандағы мал өсіруші тайпалардың отқа, жылқыға, Күнге басқа да аспан шырақтарына табынуы да тарихи тұрғыда анықталып отыр.(1)

Сақтардан қалған осы салтты кейінгі көшпенділердің көбінде өз жалғасымын тауып отырған. Ғұндар мен сол замандағы өзге көшпенді халықтар тәңір дініне сенді, Хан кітабы бойынша «ғұндар жер мен көкке сиынды. Ғұн патшасы өзін Тәңірдің ұлы деп атады. Әр күні таңертең шығып келе жатқан Күнге тағзым етті. Түнде Айға сәлем берді, әр жылы көктемде Ұлубалыққа жиналып ата-баба аруағына арнап мал шалып, тасаттық береді» дейді. «Ғұндар әр жылы үш рет жиналады, әр жылы көктемде тәңірқұт ордасына жиылып тасаттық береді. 5-айда Ұлубалыққа жиналып ата-бабаларына, аруақтарға, жерге тасаттық береді. Күзде мал семіргенде тағы жиналып мал санын, адам санын есептейді. Тәңірқұт жылына үш ұлу (айдаһар) ғибадатханасына тасаттық береді. Ағуандар ғұндардың молаларын қопарғанда ғұндар төтенше ашуланып, ағуандарға күйрете соққы береді»(2).

Қаңлы тайпалары ғұндармен юечжилердің батысқа жорығы кезінде шығыстан келген көшпенділер мен жергілікті сақ тайпаларының бірігуінен қалыптасқан тайпалық одақ болуы мүмкін. Алайда олардың күшті болмасада дербес мемлекет екенін ғұндармен жақсы қарым-қатынаста болғанын ескеру қажет.

Қаңлылар ата-баба аруағына табынады, әр жылы маусым айында ата-бабаларының мазарына жиналып тасаттық береді, некелену, өлімді ұзату салты түріктермен ұқсас. Буддаға сиынады, қаңлыларда буддаға сенгендерде болған.(3) Қаңлылар түркі тайпаларының ішінде алғашқыларының бірі болып отырықшы өмірге кіре бастаған, сондықтанда оларға зорастризммен буддизмде тарай бастаған.

Ғұн империясы ыдырағаннан кейін араға төрт ғасыр салып түрік қағанаты тарих сахынасына көтерілді. Иелеген көлемі жағынан ғұн империясынанда көлемдірек алып қағанатта екі 2-3 миллион көшпенді халық пен 400 мыңан аса жаужүрек қосын болды. Көшпенділер ерлік, жауынгерлікті сыртқы тылсым күш аруақтар мен ие киелер береді, кие, құт қонса береке болады деп сенген.

«Олар жыл сайын өзінің мәртебелі адамдарын бастап ата-баба үңгіріне барып құрбан шалады. Ал мамырдың ортасында Тарын өзеніне барып Көк Тәңіріне тасаттық береді. Өтукен тауынан батысқа қарай 500 шақырым жерде басына ағаш та, шөп те өспейтін биік шоқы бар, оны да теңірі деп атайды. Ерлер шұбо деген ұтысты, қыздар доп ойнағанды жақсы көреді. Қымызды мас болғанша ішіп, дауырығып өлең айтады, аруақты, ие, киелерді сыйлайды» (4).

Бұндағы ата-баба үңгірі Тәңір таудың Боғда сілеміндегі шұңғыма үңгір болса керек, ол шұңғыма үңгір – жер асты ақылды тіршілік иелерімен байланысқа түсетін жер болса керек. Демек ашина әулеті осы бөрі басты адамдармен будандасқан сияқты. Кейінгі Шыңғысханның Көкше әулиесі де осы шұңғыма үңгірде тұрып Тәңірмен тілдескен екен.

Түріктер де аруаққа сиынатындықтан ғұн, сянбилер сияқты әр жылы 5-айда Тәңірге, аруақтарға тасаттық берген. Дауырығып өлең айтуы тыбалардағы көмейді білдірсе керек. Доп ойнау түріктерде де, қытайларда да болған ойындардың түрі.

Тәңір алқаған, сиқырлы бөрі басты ақылды адамдар күш берген Ұлы Түрік қағанаты эрамыздың 546-жылы бас көтере бастады. 552-жылы нонен (жужан) қағанатын жеңіп, ғұндардан кейінгі көшпенділердің алып империясын құрды. Жапон теңізінен Қара теңізге дейінгі барша көшпенділердің басын біріктірген адамзат тарихындағы ұлы мемлекеттердің бірі болды.

Мәңгілік империя болмайтыны түсінікті, эрамыздың 600-жылдары империя екіге ыдырады ары қарай 13-ғасырдың басына дейін жиыны 20 дан аса түрік тілдес көшпенділердің ірілі-ұсақты мемлекеттері өмір сүріп жатты, ақыр соңында тәңірдің алқауымен Шыңғыс Қаған өмірге келіп тұтас көшпенді жұрттың басын қосады. Тәңір сенімі Шыңғыс қағаннан бастап оның ұрпақтары арасында 14-ғасырдың басына дейін мемлекеттік сенім ретінде қаралды. Олардада дәл ғұндар мен түріктер сияқты аруаққа сиыну, киелермен, рухтарға сиыну, көктемнің алғашқы айының ортасында аруақтарға бүкіл ел болып тасаттық беру қимылы орындалып отырды.

Моңғол-татарлар ғұрпы туралы «Моңғолдың құпия шежіресі» нің 70-үзігінде былай баяндалады: «Сол жылы көктемде Амбағай қағанның қатұндары ұлықтарды жинап аруақтарға тасаттық беріп ас берді. Өгелұн мен балалары кешігіп қалды, Ұрбай мен Соқатай оларға астың тағамынан сарқыт бермей қойды»(5).

Ата-баба аруағына, қайтыс болған адамдардың аруағына арнап тасаттық беру әр жылы көктемде, көбінесе 5-айдың ортасында болады. Бұл ғұндардан бері үзілмей жалғасып келе жатқан дәстүр. Көктемнің басқы айы ретінде 5-айдың айтылуына келсек Алтай тауларының теріскейі мен Моңғол үстірті, Сібір жерінде көктем кешірек келуіне байланысты  деуге болады.

Жазба тарихтары мен жазба мұралары аса мол Моңғол империясының деректерінде дәл осы мамыр айындағы аруақтарды еске алу, әрі тәңір мен жер-су киелеріне , аруақтарға арнап тасаттық беру туралы деректі 1289-жылғы Арғұн ханның Франция королына жазған хатынан көруге болады.

Келу қайнары:(6)

Мәтіні:

"Monke Tengeriin khuchin dor. Khaanii suu dor. Argun ug maani. Ired Faransaa. Nodnin chi Mar Bar Sawma sagura terguuten elchineer ochij ilgeeruun: Ilkhanii tserguud Misiriin zug morilvoos bid beer endees morilj khamsay khemen ochij ilgeesniig chinе zovshooj Tengeriig zhalbirch bars jil ovliin etses sard morilj khavryn terguun saryn arvan tavnaa Dimisq buuya khemeev. Edugee unen ugtee khuren, tserguudee bolzol dor ilgeej, tengert mor ogtoj, ted irge avbaas Orislimiig tanaa ogiye.

Аудармасы: "Мәңгілік тәңірдің күшімен. Ханның (Құбылай ханның) сұсымен. Арғун сөзіміз. Рей-да Франсқа (Франция королі). Өткен жылы сіз Мар Бар Савма бастаған елшілерімізді жіберіпгенде: "Егер Ел-ханның сарбаздары аттанса біз Мисирден (Египет) біз қосыламыз деп мақұлдадық беріпсіздер оған (жауап ретінде) біз: «барыс жылы қыстың соңғы айында  тәңірге жалбарынып  атқа қонып, көктемнің бірінші айының 15-інде Димишкке (Дамаскке) түсеміз, сөз бойынша жиылып болжал бойынша жіберіп, тәңірге тасаттық беремізде Иерусалимды алып сізге береміз ». Бұл хатта барыс жылы көктемнің бастапқы айында жолға шығып 15-күні Дамаскіге жетсек тәңірге тасаттық береміз деп анық айтылып тұр. Арғұн әскерінің дәл 15-мамырда Дамаскіге жететінін болжаған әрі сол арада тасаттық рәсімі өтекізуді жоспарлағаны байқалады. Бұның дәл 15- мамыр аруақтарға арналған тасаттық беру күні екенінде шүбә жоқ.

Бұл рәсімде мал арнап сою, ең жақсы малды мысалы “Ақ түйе” нің қарынын есіп жіберетін болған, “ақ түйенің қарыны жарылды” деген осыдан қалған, кейін қуанышты жағыдайда тәңірге, аруаққа, киелерге түйе арнағанда да осылай істелген. “Ақсарбас қой”, қойдың ішінде ең жақсысы ретінде аруаққа арнап шалынып өртеліп жіберетін болған. Кейін шалынған малдың етін жейтін болған, сонымен қатар от жағып , қазанға май құйып майдың иісін шығарған немесе майды тіке лаулап жанған отқа салып иісін шығаратын болған. Әрине осы  барыста әр кім  өз қадарынша тәңірден, ата-баба аруақтарынан қол жәйіп медет тілейді. Аса зәру адамдар мойындарына белдігін асып бас ұра жалбарынатын болған. Жылдық асын берердеде аруаққа арнап қазан-ошақ қоңырсыту салты осыдан келген.

Бұл мемлекеттік іс -шараның үзіліп қалуы 1320- жылы Алтын Ордада Өзбек ханның ислам дінін қабылдап оны элиталық дінге айналдыруымен тіке байланысты, осыған ұқсас 1353-жылы Моғолстанда  Тұғылық Темірдің исламды қабылдауымен Шағатай ұлысындада тоқырауға ұшыраған тәрізді.

Алайда мерекелік маңызға ие салт тоқтауы бірден бола қойған жоқ, өйткені XVI ғасырда қалмақ атанған тәңірші көшпенділер  азаққа қосылып исламға кіргеннен кейін тоқтаған деуге болады. Алайда аруаққа мал атап сою жалғаса берген, Шоқанның айтуынша: «Қазақтар болмашы пәлеге ұшыраса болды аруаққа арнап мал соя бастайды, сойғанда да оны оба басына апарып емес ата-бабаларының зиратының басына апарып сояды, осы арқылы бұдқа табынушылықтың маңызын сәл жеңілдетеді.»(7)

Кейін қазақ арасында әр ай сайын аруақтарға арнап мал сойып отырған, ал 18-19 ғасырларда молдалардың көбеюіне байланысты аруаққа арнап құран сүрелерін оқып, оған ақы алып отырған, ал аруаққа арнап құран сүрелерін оқу ислам қағидаларынан емес екені түсінікті.

Ерзат Кәрібай

Abai.kz

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихы. 1-том. 231-232 беттер. Алматы «Ата мұра» .2010.
  2. Ғұндар тарихы. Лин Ган. 171-173-беттер. Халық баспасы. 1986. Пекин
  3. . Қазақтың қысқаша тарихы. Нығмет Мыңжан. 95-бет. Алматы: Жалын баспасы. 1994
  4. Жүңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер. 2-том. Түрік баяны. 163 б.Ұлттар баспасы. 2013. Пекин
  5. Моңғолдың құпия шежіресі. 70- бөлімі
  6. https://en.wikipedia.org/wiki/Arghun#/media/File:ArghunLetterToPhilippeLeBelExtract1289.jpg
  7. Шоқан Уәлиханов мақалалары. Жаңа қмір журналы баспасы, 1956

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2775
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4510