Сенбі, 24 Мамыр 2025
Билік 688 0 пікір 24 Мамыр, 2025 сағат 13:15

Досаев кетті, Алматыда - жаңа әкім!

Сурет: exculisive сайтынан алынды

Күні кеше әлеуметтік желіде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың орнынан кететіні туралы жазбалар желдей ескен еді. «Жел соқпаса шөп басы қимылдамайды» деген халық даналығы тағы да расталды.

Бүгін таңертең «Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарұлы Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды» деген ресми ақпарат Ақорданың телеграм арнасында жарық көрді.

Досаев «Қаңтар оқиғасынан» кейін Бауыржан Сағынтаевтың орынын басып мәдени астанаға әкім болып тағайындалған еді. Оған дейін үш жыл қатарынан Ұлттық банк төрағасы болды. 2014-жылы Қазақстандық «Forbes» журналы Досаевті елдегң ең бай 50 адамның қатарына қосты.

Досаев саяси, қаржы саласында көптеген лауазім иелері шыққан Алматыдағы О.Жәутіков атындағы физака-математика мектеп интернатын бітірген.

2006-жылы Денсаулық министрі болып тұрғанда Шымкентте балаларға жаппай вич індеті жұғуына байланысты қызметінен босатылды. Артынан бизнеске кетті. Араға бірнеше жыл салып жоғары лауазымдарға ие болды.

Өзінен бұрынғы әкімдер сияқты Досаевке де халық бағасы әр түрлі. Блогерлер оның халықпен дос болмағанын, «ұрысқақ» деген мінезбен есте қалатынын жарыса жазуда. Қалай десек те Досаев мың жерден бизнес те, саяси аренада тәжірибесі болсада Алматының бұрыннан қордаланып қалған проблемаларын бір деммен шеше қоюы екі талай екені айдан айқын еді. Олай дейтініміз кезінде Храпунов заңсыз сатқан жерлер қаланың инфрақұрылымын реттеуге әлі кедергі келтіріп келеді.

Алматы қаласының мәслихаты қалаға жаңа әкімнің бүгін сайланатынын мәлім еткен еді. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай босаған лауазымға Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Сатыпалдының тағайындалғанын жариялады. Ол Президент әкімшілігі бірінші орынбасары міндетінен босатылған..

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2856
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4592