Жұма, 20 Маусым 2025
Жаңалықтар 1273 0 пікір 31 Мамыр, 2025 сағат 20:06

«Ақ жол» партиясы тоталитарлық жүйенің жазықсыз құрбандарына тағзым етті

Сурет: Ақ жол партиясынан алынды.

«Ақ жол» партиясы АЛЖИР-де тағзым етіп, республикалық деңгейде еске алу шарасын өткізді!

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Мәжілістегі «Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттары мен партия өкілдері АЛЖИР мемориалдық кешеніне арнайы барып, «Алаш» қозғалысының ардақты қайраткерлері мен тоталитарлық жүйенің жазықсыз құрбандарына тағзым етті.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы:

– Шараға Парламенті Мәжілісі депутаттары Серік Ерубаев, Ержан Бейсенбаев, «Ақ жол» фракциясының аппарат жетекшісі Берік Дүйсембинов, «Ақ жол» партиясының аппарат жетекшісі Асылхан Қожахметов, Астана қаласы партия филиалының төрағасы, маслихат депутаты Асқар Смағұлов пен жергілікті мәслихаттардағы партия атынан сайланған депутаттар, Қарағанды облысы мен қаласы мәслихаттарының депутаттары, партия белсенділері қатысты.

Алдымен «Алжир» қасірет мемориалына барып, зұлмат пен зобалаң құрбандарының рухына құран бағыштап, гүл шоқтарын қойдық. Одан кейін, «Ашаршылық құрбандары» ескерткіші алдында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етіп, құран бағыштадық.

Сондай-ақ, «Алашқа тағзым» дәстүрлі шарасы Алматы, Талдықорған, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Абай, Маңғыстау, Ақмола облыстарында да өтті.

Сүреттерде: Тараз, Қызылорда, Көкшетау, Ақтау, Шымкент, Петропавл, Алматы, Атырау, Алматы облысы, Семей, Павлодар, Актобе, Өскемен, Талдықорған, Қостанай, Орал, т.б.

(Суреттер Ақ жол партиясынан алынды)

Abai.kz

0 пікір