Сәрсенбі, 18 Маусым 2025
Жаңалықтар 288 0 пікір 18 Маусым, 2025 сағат 14:15

Үкімет: Қайтқан малда қайыр бар...

Коллаж: qaz.ulysmedia.kz.

Ескі билік тұсында елден шығарылған заңсыз активтерді (қыруар қаражат) елге қайтару бойынша, арнайы жұмыс тобы құрылып, бұл іс бірте-бірте атқарыла бастағаны белгілі.

Кей деректерге көз жүгіртсек, мемлекетке қайтарылған заңсыз активтер құны 2 триллион теңгеден асқан екен. Ал бұл қаражаттар қайда жұмсалуда немесе жұмсалмақ деген сауалдың жауабын Үкімет бүгін былай деп беріпті:

«Елімізде қайтарылған активтер қаражаты есебінен 318 млрд теңгеге 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда. Заңсыз иемденілген активтерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бұл қаражат бүкіл ел бойынша жүздеген әлеуметтік нысан құрылысы мен жаңғырту жұмыстарына жұмсалуда. Басты назар әлеуметтік маңызды инфрақұрылымға аударылады», - дейді.

Қазіргі таңда жалпы құны 318 млрд теңгені құрайтын 406 жобаны қаржыландыру мақұлданған. Оның ішінде 9 білім беру нысаны, спорт саласындағы 3 нысанды, денсаулық сақтау саласындағы 162 жобаны, сумен жабдықтау саласындағы 159 жобаны қоса алғанда, 333 жоба іске асырылуда.

Толығырақ: https://t.me/KZgovernment/17324

Abai.kz

0 пікір