Мәсімов ауыр дертке шалдыққан ба?

Қазақстанның ішкі істер министрі ҰҚК бұрынғы төрағасының ауыр дертке шалдыққаны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды.
Бұл туралы министр мәжіліс кулуарында журналистерге берген жауабында мәлімдеді.
«Жағдайы қалыпты, жазасын өтеуде», – деді министр.
Мәсімовтің медициналық есепте тұрғаны немесе оған арнайы ем көрсетіліп жатқаны туралы сұрақтарға министр «жоқ» деп жауап берді.
Бұған дейін Мәсімовтің ауыр онкологиялық дертке шалдыққаны және жағдайының аса ауыр екені жайлы ақпарат БАҚ-та тараған еді.
Abai.kz