Сейсенбі, 24 Маусым 2025
Жаңалықтар 40 0 пікір 14 Маусым, 2025 сағат 22:24

Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам: жастардың рөлі мен жауапкершілігі

Бүгінгі күні әділетті қоғам құру жолындағы басты қадамдардың бірісыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Бұл міндетті жүзеге асыруда тек құқыққорғау органдарының ғана емес, ел жастарының да рөлі ерекше.

Жақында осы жоба аясында «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам: жастардың рөлі мен жауапкершілігі» атты ашық кездесу өтті. Іс-шарағаСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласыбойынша департаменті мамандары, ЖОО-лардағы жастар департаменттерініңбасшылары, Комьюнити орталықтарының жетекшілері мен белсендіволонтерлер қатысты. 

.

Кездесу барысында жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға шолужасалынып, қоғамдық мониторинг, серіктестік жобалар және құқықтықсауаттылық шаралары арқылы жастардың бұл іске қосқан үлесі атап өтілді. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған нақты жоспарлар талқыланып, бірлескенжұмыстың жаңа бағыты айқындалды.

Кездесуге қатысқан Әуезов Комьюнити орталығының жетекшісі Бауыржан Сәбитұлы өз сөзінде:
Біз «Заң мен тәртіп» қағидатына сүйене отырып, жастардың құқықтықмәдениетін нығайтуға, қоғамда әділеттілік пен сенім қалыптастыруға күшсалып келеміз. Бұлуақытша шара емес, тұрақты қоғамдық бағыт,деді.Шара барысында белсенді мамандар мен еріктілер Сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментібасшылығы атынан алғыс хаттармен марапатталды. Бұлолардың қоғамалдындағы белсенді қызметіне берілген әділ бағалау.

Аталған волонтерлік жоба Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасыныңқолдауымен жүзеге асырылуда..

Жоба жыл соңына дейін жалғасады. Алдымызда ауқымды жоспарлар тұр. Волонтерлер санын арттырып, жастардың түрлі әлеуметтік бастамаларғатартылуын қамтамасыз етеміз. Ең бастысыжастардың үнін есту жәнеоларды әділетті қоғам құру жолына жұмылдыру, – деді жоба жетекшісіӘкежан Бақытұлы.

Бұл бастамаформалды есеп үшін емес, шынайы қоғам игілігі үшінатқарылып жатқан жүйелі жұмыстың көрінісі. Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаевтың: «Сыбайлас жемқорлықпен күресәр азаматтыңпарызы» деген сөзібүгінгі ұрпақтың ұстанатын нақты қағидатына айналуытиіс.

Жастардың белсенділігі мен қоғамдық жауапкершілігі артқан сайынәділ, ашық әрі жемқорлықсыз қоғам құру арманы шындыққа айналмақ. Осы бағытта Алматы қаласында жастардың белсенділігімен жүзеге асырылыпжатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік жобақоғамдық бақылаумен ашықтықтың тиімді үлгісіне айналып келеді.

Айбек Берікболұлы, журналист

Abai.kz

0 пікір