Сәрсенбі, 25 Маусым 2025
Аласапыран 538 0 пікір 24 Маусым, 2025 сағат 14:56

Соғыс аяқталды ма? Иран мен Израиль не дейді?

Сурет: bbc.com сайтынан алынды.

Діни фанатизмді ту етіп, екі қошқарды сүзістіріп алып, енді оларды ымыраға келтіруді көздеген Трамптың тірлігіне жаһан құлақ түруде.

Осы шақта АҚШ президенті Дональд Трамп Иран мен Израиль арасындағы оқ атуды тоқтату туралы мəлімдеуінің алдында еврей мемлекетінің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуга телефон шалып, барлық ұрыс қимылдарын тоқтатуды талап етті (NBC News телеарнасы).

Енді, істің мəнісіне толық тоқталайық.

«Израиль мен Иран бітімге келісті», - деп мəлімдеді Трамп. «Бірінші болып Иран оқ атуды тоқтатады, 12 сағаттан кейін Израиль өз қадамдын жасайды, ал «24 сағаттан кейін əлем 12 күндік соғыстың ресми аяқталуын қолдайды», - деді ол.

«Енді ешқандай соғыс, ұрыс жоқ. Ирандықтар айтарлықтай əлсіреген», - деді Трамп. «Баршаңызды құттықтаймыз! Израиль мен Иран толық жəне жан-жақты оқ атуды тоқтатуға толық келісті», - деп жазды ол «Truth Social» желісінде.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Израиль Иранға қарсы «Ам КеЛави» («Халық арыстанға ұқсайды») операциясында өз мақсаттарына жеткенін жəне АҚШ президенті Дональд Трамппен келісе отырып, оқ атуды тоқтататынын растады.

Трамп соғыс ұзақ жылдар бойы жалғасса, «бүкіл Таяу Шығысты талқандайтынын» айтты. «Құдай, Израильді де, Иранды да, Таяу Шығысты да, Америка Құрама Штаттарын да, бүкіл əлемді де қолдасын», - деп түйіндеді ол сөзін.

Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи: «Қазіргі таңда атысты тоқтату немесе әскери іс-қимылдарды доғару жөнінде ешқандай келісім жоқ», - деп деп мәлімдегенімен, Иран армиясы әскери операцияларын жергілікті уақыт бойынша таңғы 4:00-де тоқтатқанын хабарлады (Х желісі).

24 маусым күні таңертең Иранның мемлекеттік телеарнасы Израильмен арадағы атысты тоқтату режимі басталғанын хабарлады.

Abai.kz

0 пікір