Иран МАГАТЭ-мен келісімін ресми түрде тоқтатты

Ел президенті Масуд Пезешкиан тиісті заңға қол қойған. Құжат үкіметке агенттікпен барлық ынтымақтастықты толық үзуге міндеттейді. Заң жобасы 25 маусым күні қабылданған. Меджлис әзірлеген бұл бастаманы 221 депутат бірауыздан қолдаған.
Бұдан былай, енді Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік қызметкерлеріне Иран аумағына кіруге тыйым салынып, барлық тексеру іс-шараларын жүргізуге шектеу қойылды. Агенттіктің бас директоры Рафаэль Гросси тыңшы деп аталып, онымен де барлық байланысты үзді.
Иран билігі АҚШ пен Израиль тарапынан шабуыл жасалмайтынына кепілдік сұрап отыр. Сондай-ақ, елдің бейбіт ядролық энергияны пайдалану құқығына құрмет көрсетуін талап етуде. Бұл шарттар орындалса, құжат өз күшін жоюы мүмкін.
Abai.kz