Бейсенбі, 10 Шілде 2025
Жаңалықтар 215 0 пікір 10 Шілде, 2025 сағат 13:24

"Мені изоляторда соққыға жықты": Полиция Перизат Қайраттың сөзіне жауап берді

Сурет: ratel.kz сайтынан алынды.

Астана қаласының полициясы Перизат Қайраттың "тергеу изоляторы қызметкерлері тарапынан соққыға жығылдым" деген мәлімдемесіне қатысты ресми түсінік берді. 

9 маусым күні тергеудегі Перизат Қайрат прокуратура органдарына арыз түсіріп, мекеме қызметкері камера есігін күштеп жапқан кезде оны есік арасына қысып, дене жарақатын келтіргенін мәлімдеген.

Аталған арыз бойынша жинақталған материалдар Астана қаласы Полиция департаментіне жолданып, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

"Тергеу аясында мекеменің бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделеніп, қызметкерлер мен куәлардан жауап алынды. Алғашқы тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша П.Қайрат мәлімдегендей, камера есігін жабу кезінде мекеме қызметкерлерінің оған дене жарақатын келтіруі туралы сөздері расталмайды. Бұған П.Қайрат өз арызында көрсеткен оқиға сәтіндегі бейнебақылау жазбасы дәлел болып отыр", – делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды.

Айта кету керек, бұған дейін Перизат Қайраттың соты ішінара жабық өтетінін жазған болатынбыз. Ол изолятор қызметкерлері оны соққыға жыққанын айтты.

Abai.kz
0 пікір