Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
Саңлақ 1801 0 пікір 21 Шілде, 2025 сағат 12:59

Сәкен Бибосынов нокаутпен жеңіске жетті

Сурет: inbusiness.kz сайтынан алынды.

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, қазақ боксының жұлдызы Сәкен Бибосынов кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегінде өз шеберлігін паш етті. 28 жастағы былғары қолғап шебері Бішкекте өткен бокс кешінде шаршы алаңға шығып, қарсыласы - 23 жастағы филиппиндік Кристиан Леганені (6-2-3, 4 KO) айқын нокаутпен жеңді.

Кәсіпқой мансабындағы бұл тұңғыш айқас екінші жеңіл салмақта 6 раундқа жоспарланған болатын. Алайда Сәкен кездесуді созған жоқ. Оның шапшаңдығы мен дәл соққылары қарсыласын сұлатып түсіруге жеткілікті болды.

Сәкен Бибосынов рингке тек тәжірибе жинауға емес, жеңіс үшін келгенін анық аңғартты. Оның стилі, техникасы мен мықты мінезі – алдағы уақытта да талай белесті бағындырары анық.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1319
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2886
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 972
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 903