Сенбі, 26 Шілде 2025
Саңлақ 223 0 пікір 25 Шілде, 2025 сағат 12:28

“Ақтөбе” сенсация жасады

Сурет: vesti.kz сайтынан алынды.

Футболдан УЕФА Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта “Ақтөбе” өз алаңында Праганың атақты “Спарта” клубын жеңіп, сенсация жасады. 

Қобыланды батыр атындағы стадионда өткен тартысты кездесу алаң иелерінің пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. 29-минутта есепті Дэниэл Соса ашса, 83-минутта Оралхан Өміртаев жанкүйерлердің қуанышын еселеп, команданың басымдығын арттырды. Қонақтар тек матч соңында, 90-минутта пенальтиден соғылған Велько Бирманчевичтің голымен жауап қайырды.

“Ақтөбе” бұл ойында кездейсоқ жеңіске жетен жоқ. Олар допты жиі бақылап, қарсылас қақпасына бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастыра білді. Ойын барысында алаң иелері Чехия чемпионына өз стилін көрсетіп, ойынды өз қолына алды.

Көптеген сарапшылар бұл жұптың фавориті ретінде тәжірибелі “Спартаны” атағанымен, ақтөбеліктер шын мәнінде жігер мен мінез көрсетті. Команданың ұйымшылдығы мен қайсарлығы жеңістің басты кепіліне айналды.

Енді қарымта кездесу 31 шілде күні Прагада өтеді. Сол ойында бұл тартысты дуэльдің тағдыры шешілмек.

Abai.kz

0 пікір