Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
Саңлақ 4469 0 пікір 11 Тамыз, 2025 сағат 12:21

Маңғыстаулық спортшы чемпион атанды

Сурет: baq.kz сайтынан алынды

Бүгін Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында маңғыстаулық спортшы Жәнібек Әбу-Бәкір топ жарды.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетінің хабарлауынша Джиу-джитсудан әлем чемпионы саналатын 69 келідегі Жәнібек Әбу-Бәкір финалдық айқаста Фарид Бен Алиді 12:9 есебімен жеңіп кетті.

Бұған дейін джиу-джитсудан 62 келідегі Аслан Қанатбек қола жүлдегер атанған болатын.

Айта кетейік, Дүниежүзілік ойындарының өткен тарихында Қазақстан атынан тек 2022 жылы Галина Дуванова күміс жүлде және 2009 жылы Айжан Кукузова қола жүлдеге иелік еткен еді.

Abai.kz
0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1284
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2834
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 937
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 878