Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2074 0 пікір 22 Тамыз, 2025 сағат 15:19

Жанармай нарығындағы алпауыттар анықталды

Сурет: Supitnik Қазақстансайтынан ылынды

Қазақстандағы отын нарығының 85%-ын ҚазМұнайГаз бен CNPC бақылауда ұстайды

Бұл турады Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.

Агенттік 2022-2024 жылдарға арналған бензин, дизель және авиациялық отынның көтерме сауда саласындағы бәсекелестік ортаны талдауды аяқтады.

Ведомство мәліметі бойынша, ҚазМұнайГаз және CNPC компаниялары Қазақстандағы жеңіл мұнай өнімдерінің шамамен 96%-ын өндіреді.

Олардың нарықтағы бірлескен үлесі 85%-дан асады, бұл оларға нарыққа айтарлықтай ықпал етуге мүмкіндік береді.

Негізгі сегменттердегі үлесі:

  • Дизель отыны: CNPC – 60%, ҚазМұнайГаз – 33%.
  • АИ-92 және АИ-95 бензині: CNPC – 54%, ҚазМұнайГаз – 34%.
  • Авиациялық отын: CNPC – 53%, ҚазМұнайГаз – 32,4%.

Екі топ та нарықтағы негізгі қуаттарды иеленуші ретінде танылған. Бұл оларға басқа нарық қатысушыларына тең дәрежеде қолжетімділікті қамтамасыз ету міндетін жүктейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1338
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2911
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 990
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 922