Сейсенбі, 26 Тамыз 2025
Саңлақ 192 0 пікір 26 Тамыз, 2025 сағат 15:11

Алматыда жаңа заманауи стадион бой көтермек

Сурет: vecher.kz сайтынан алынды.

Алматыда халықаралық деңгейдегі заманауи стадион бой көтермек.

Жаңа арена 35 мың көрерменге есептеліп, УЕФА-ның 4-санат талаптарына сай келеді. Жоба аясында жаттығу алаңдары, жанкүйерлерге арналған демалыс орындары, заманауи қауіпсіздік жүйелері және аумақты абаттандыру қарастырылған.

Стадион Құлжа мен Талғар тас жолдарының арасында, аумағы шамамен 15 гектар жерде салынады. Бұл аумақ болашақта қала үшін көлік-логистикалық хабқа айналады.

Дереккөзі: Қазақпарат

Abai.kz

0 пікір