Жұма, 3 Қазан 2025
Жаңалықтар 222 0 пікір 3 Қазан, 2025 сағат 17:54

Президент тапсырмасы: «Торғай – Ырғыз» автожолының құрылысын жеделдету керек!

Сурет: aqtobegazeti.kz сайтынан алынды.

Мемлекет басшысы «Торғай – Ырғыз» бағытындағы автожол құрылысын жеделдетуді тапсырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.

«Президент Үкіметке «Торғай - Ырғыз» және батыс бағытындағы басқа да автокөлік жолдарының құрылысын жеделдетуді тапсырды», - деп жазды.

Айта кетейік, автожол құрылысы 2025 жылдың 14 маусымында басталған болатын. Жаңа бағыттың арқасында Астана мен Ырғыз арасындағы арақашықтық 573 шақырымға қысқарады.

Құрылыс жұмыстары бір уақытта екі нүктеде – Қостанай облысының Арқалық қаласы мен Жанкелдин ауданына қарасты Торғай ауылында басталды. Құрылыс "Астана – Жәнтеке – Егіндікөл – Арқалық – Торғай – Ырғыз" бағыты бойынша жүргізіліп жатыр. Жолдың жалпы ұзындығы – 865 шақырым.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 530
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 8706
46 - сөз

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 542